Фото: 1news.co.nz
G тобындағы кездесу Инглвуд қаласындағы «Софи Стэдиум» аренасында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Ойында мексикалық төреші Сесар Рамос Паласуэлос төрелік етті.
Ойынның 7-минутында Жаңа Зеландия шабуылшысы Элайджа Генри Джаст есеп ашты. Алайда 32-минутта Иран құрамасының қорғаушысы Рамин Резаэян таразы басын теңестірді.
Екінші таймның 54-минутында Джаст өз командасын қайта алға шығарғанымен, 64-минутта Иран сапынан Мохаммад Мохеби жауап голын соғып, матчтағы тең нәтижені орнатты. Бұған дейін Бельгия мен Египет құрамасы арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, G тобындағы төрт құрама да алғашқы турдан кейін бір-бір ұпайдан еншіледі.
Келесі кезеңде Иран ұлттық құрамасы Бельгия командасымен кездессе, Жаңа Зеландия Египет құрамасымен ойнайды. Матчтар 22 маусымға жоспарланған.
Еске сала кетейік, футболдан XXIII Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар ойындарды qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайттарынан, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы және «Birge.tv» платформасынан онлайн форматта көруге болады.