Қоғам • Кеше

Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сы басталғаннан бері 139 мыңға жуық адам тестілеуден өтті. Талапкерлердің 76%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 24%-ы орыс тілінде және 86 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығының дерегіне сүйенсек, екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 328 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

ҰБТ: Ең жоғары нәтиже – 131 балл

Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

ҰБТ-ны өткізудің үш аптасында 244 ереже бұзушылық анықталды. 152 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 92 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

Қаңтар айындағы ҰБТ-дан қанша талапкер шеттетілді?

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Ақтөбелік оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады

Соңғы жаңалықтар