Монетаның артқы бетінде турнирді қабылдайтын елдер – Канада, АҚШ және Мексика мемлекеттерінің тулары бейнеленген.
Монета 925 сынамалы күмістен жасалып, алтын жалатылған. Номиналы –1000 теңге, ал Қазақстан ішкі нарығына арналған таралымы небәрі 1500 дана.
Бұл естелік монетаны Қазақстан Ұлттық Банкі интернет-дүкенінен 29 000 теңгеге (шамамен 63 доллар) сатып алуға болады.