фото: Астана қаласы әкімдігі
Орташа жөндеу жұмыстары аясында Сафуан Шаймерденов көшесінің Жұмекен Нәжімеденов және Ахмет Байтұрсынов көшелерімен қиылысатын учаскелері жабылады.
Атап айтқанда:
– 5 мамыр сағат 19:00-ден 6 мамыр сағат 08:00-ге дейін Шаймерденов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысы;
– 6 мамыр сағат 19:00-ден 7 мамыр сағат 08:00-ге дейін Шаймерденов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысы жабық болады.
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Қала билігі жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген шектеулерді ескеруді сұрайды.