Астанада түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Бірқатар облыстарда желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанып отыр.
Сонымен қатар, Абай, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау және басқа да аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында түнде үсік жүруі мүмкін.
Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын сақтау ұсынылады.