Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
670 материал табылды

Ғылым • 22 Желтоқсан, 2021

Іргелі ғылымның ізі бар, іздеушісі жоқ

Маңғыстауда мал қырылды. Астанада аяздан газ құбырлары қатып қалды. Қостанайда егіс алқаптарының 20 пайызы күйіп кетті, содан бидайдың қауызы дәнсіз. Не себепті? Енді қайтпек керек? Барлық сұрақтың жауабын, мәселенің мәнісін іргелі ғылымнан ғана біле аламыз. Ал бүгінгі іргелі ғылымның ізі бар да, іздеушісі жоқ секілді...

Ғылым • 12 Желтоқсан, 2021

Медициналық қалдықтарды жоюдың жолын тапты

Қазақстандық ғалымдар медициналық қалдықтарды жоюдың бірегей әдісін ойлап тапты. Отандық ғылыми зерттеушілер әзірлеген қалдықтарды қайта өңдеудің плазмалық технология­сы мен плазмохимиялық реактордың әлем бойынша баламасы жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Елорда • 26 Қараша, 2021

Мектепке Смағұл Сәдуақасұлы есімі берілді

Мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының есімі жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырғандай. Еліміздің бас газетін «Еңбекшіл қазақ» болып тұрған тұста басқарған тұлғаның аты елордадағы №78 мектеп-гимназиясына берілді. Мектеп ұжымы бұл үшін біраз кедергіден өтіп, тер төккен көрінеді.

Аймақтар • 19 Қараша, 2021

Қызылорда облысында үш өндіріс орны іске қосылады

Тәуелсіздік жылдарынан бері Қызылорда облысының экономикасына 4 трлн теңгеден аса инвестиция тартылған. 1991 жылдан бері 8 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 жыл ішінде 500 мыңнан аса бала дүниеге келіп, халықтың өмір сүру ұзақтығы 8 жылға артқан. Тұрғындардың 97 па­йызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Осындай көрсеткіштерге қарамастан, өңірде әлі де түйіні тарқатылмаған түйткілдер бар.

Ғылым • 18 Қараша, 2021

«Үздік ғылыми қызметкер» 6 млн теңге алады

Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 млн теңгеден алады. Ақшалай сыйақылар «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының жеңімпаздарына беріледі. Бұл – ғалымдарды қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды сыйақы. Өтінім қабылдау 15 қарашада басталып, 15 желтоқсанда аяқталады.

Білім • 16 Қараша, 2021

11 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Әл-Ферғани атындағы физика пәні бойынша бірінші халықаралық олимпиадада 11 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 2 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар.

Білім • 15 Қараша, 2021

Педагогтердің біліктілігін көтеруге не кедергі?

Білім беру барлық басқа саланың көш басында тұруы тиіс. Себебі кез келген кадр білім алу арқылы қалыптасады, даяр­ла­нады. Мұндайда әлбетте әр маманға берілетін білімнің «іргетасы» берік болуы керек. Білімнің негізгі іргетасы мектепте, маман ретінде дайындайтын оқу орнында қаланады. Демек, педагогтер заманның сұранысына сай, қоғамға қажетті дағдыларды игерген түлектерді шығару үшін үнемі өзін дамытып отырғаны абзал. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев енді 3 жыл сайын мұғалімдерді біліктілігін арттыру курсынан өткізуді тапсырды.

Ғылым • 12 Қараша, 2021

3D принтермен үй салып, тісті тез түземек

Ғылымның ғаламат күшін көре білген елдің бәрі дәл осы салаға инвестицияны аямай салып келеді. Соның нәтижесінде дамушы елдер ішінен суырылып, жарты ғасырға жетпей дамыған елдердің қатарына қосылған мемлекеттер бар. Солардың ізімен жүреміз десек, бізде өнертабыстар да, өндіріске енгізуге сұранып тұрған ғылыми зерттеулердің нәтижесі де, тынымсыз еңбек етіп жүрген ғалымдар да жетерлік.

Медицина • 12 Қараша, 2021

Цитологияда сұранысқа ие сұйықтық

Қазақстандық ғалымдар жатыр мойны обырын кешенді диагностикалайтын ерітінді жасап шығарды. Бұл – екі жыл бойғы зерттеудің нәтижесі. Цитология саласында сұранысқа ие аталған сұйықтықтың құрамын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің зерттеушілері сауықтыру орталығының өкілдерімен бірлесе әзірлеген.

Қазақстан • 10 Қараша, 2021

Малдың жаппай қырылу мәселесінің шешімін ұсынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушысы Дарья Петина малдың жаппай қырылу проблемасына байланысты өз шешімін ұсынды. Оқушы хлорелла балдырларынан құрғақ жемшөп қоспасын дайындады.