
Қоғам • 17 Қазан, 2023
800 теңге: Мектепте ыстық тамақ қымбаттайды
Мектеп асханасындағы түскі астың құнына енді азық-түлік бағасы ғана емес, кәсіпкерлердің басқа да шығындары кіреді. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 17 Қазан, 2023
Жаңа түскен келіндер қандай ырым-тыйымдарды білу керек?
Келінге байланысты тыйымдардың екі түрі бар. Бірі – келіннің жеке басына салынатын тыйымдар (келін ата-енесінің төсегіне отырмайды, жалаңбас жүрмейді т.б.), екіншісі - басқа үлкен-кіші адамдардың жаман ырымдарынан сақтанып, өздерін тыйып ұстайтын іс-әрекеттері (жаңа түскен келіннің төсегіне басқа әйелді отырғызбайды, себебі жаман ырым жасап кетеді деп қауіптенеді). Мәселен, баласы түсіп қала беретін әйелдер жаңа түскен келіннің төсегіне ешкімге білдірмей отырса, бала тоқтап, перзентті болады, есесіне жас келін баланы аз табады деп ырымдап, ондай жағдайға жол бермейді. Ертеден келе жатқан ырымдарға байланысты қазақ келіндерінің қайсыбір нәрселерді істеуден тыйылып, олардан аулақ болуға тырысатын тыйым түрлерінің күні бүгінге дейін тәрбиелік мәні бар. Төмендегілер осы айтылғандарды айғақтай түседі:
Бокс • 17 Қазан, 2023
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?
«Decision Dividida» промоутерлік компаниясының матчмейкері Кике Родригес қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен доминикандық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалау қызық болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райы • 17 Қазан, 2023
Бүгін елімізде күн ашық болады
17 қазанда еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қаржы • 17 Қазан, 2023
17 қазанға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 17 қазанға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қазан, 2023
Томирис тұрпатты арулар сән апталығының көрігін қыздырды
Ақтауда қазіргі заманға сай интерпретацияланған этникалық «Bozjyra Fashion Week» сән көрсетілімінің II маусымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 16 Қазан, 2023
Финляндияның бұрынғы президенті Марти Ахтисаари қайтыс болды
Бүгін Финляндияның бұрынғы президенті және жаһандық бітімгерші Марти Ахтисаари 87-ге қараған шағында қайтыс болды. Ол халықаралық қақтығыстарды шешудегі қызметі үшін 2008 жылы Нобель сыйлығымен марапатталған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 16 Қазан, 2023
Дастархан басындағы этикет: нені ескеру керек?
Дастарқан - ас-тағамға және оған қатысты әдеп нормаларын білдіретін, әрі ғұрыптық мәнге ие ұғым. Бұл ұғымның ауқымы өте кең. Мысалы, қазақта «дастарқан сыйламады, дастарқан аттады» деген сөздер бар. Бұл сөздердің түп мағынасы қандай?
Ауа райы • 16 Қазан, 2023
Синоптиктер ескертеді: таулы аймақтарда 3 градус аяз болады
Алдағы тәуліктерде тек республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауады, ал Қазақстанның қалған аумағында күн ашық болады, тек 18-19 қазанда ғана еліміздің солтүстігінде аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Поэзия • 16 Қазан, 2023
Ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы 74-ке қараған жасында дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.