
Фото Polisia.kz
Еске салайық, қазан айында Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылған еді.
«Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Көліктегі полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды», делінген хабарламада.
Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және әуе көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмысының маңыздылығын атап өтті.
«Айдос Рысбаевтың жетекшілік тәжірибесі бар, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған және бөлімді тиімді басқару үшін қажетті қасиеттерге ие», деп атап өтті ІІМ.