видеодан алынған кадр
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимарат жалынға оранып үлгерген. Жалын шарпыған аумақтың жалпы көлемі шамамен 200 шаршы метрді құрады.
Құтқарушылар өрттің одан әрі қауіпті жағдайға ұласуына жол бермей, жалын ішінен көлемі 40 литр болатын екі оттегі баллонын дер кезінде сыртқа алып шыққан. Бұл олардың жарылуының алдын алуға мүмкіндік берді.
Шахтинскідегі жарылыс: Пәтерді қасақана өртеді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
Өрт сөндіру жұмыстары жедел жүргізіліп, тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Мамандар мұндай жағдайларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау аса маңызды екенін ескертеді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.