Аяна ТОҒАНБЕК
Аяна ТОҒАНБЕК«Egemen Qazaqstan»
7912 материал табылды

Мереке • 05 Қыркүйек, 2025

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

Бүгін елімізде Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі. Бұл күн еліміздегі көпұлтты қоғамның бірлігін, тілдік әралуандылықты және мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындайтын ерекше күн саналады, деп жазады Egemen.kz.

Кино • 05 Қыркүйек, 2025

Қазақ киносы халықаралық кинофестивальде екі жүлде жеңіп алды

Қазақстандық «Қажымұқан» тарихи кинотуындысы Сеулде өткен халықаралық кинофестивальде қос жүлдені жеңіп алды. Фильм «Ең үздік фильм» номинациясы бойынша Гран-при, туындыда ойнаған актер Ербол Төлепберген «Үздік басты рөл» жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Қыркүйек, 2025

Тігіншінің еңбегі – елдің өрнегі

Әр адамның өмірінде жүрек қалауымен табатын сүйікті ісі болады. Біреу үшін ол сырнайдың сазы болса, біреу сурет салуды ұнатады, енді біреулері қолөнермен айналысқанды жаны сүйеді. Ал бүгінгі кейіпкеріміз Нұргүл үшін ол – ине мен жіптің, матаның, өрнектің әлемі. Бала күнінен қуыршағына көйлек тігіп, қиялындағы үлгілерді қағазға түсіріп, оны матамен үйлестірген кішкентай қыздың арманы бүгінде үлкен өнерге айналды.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025

Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

Қор қаражатын талан-таражға салғаны үшін 10 жылға сотталған Перизат Қайраттың элиталы пәтерлері, қымбат көліктері мен зергерлік бұйымдары аукцион арқылы сатылып, түскен қаржы жәбірленушілерге өтемақы ретінде қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2025

Цифрландырудың нәтижесінде бюджеттен 13 млрд теңге үнемделді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға айрықша назар аударуды тапсырды. Президент «Электронды үкімет» платформасына ЖИ технологияларын барынша енгізу қажеттігін атап өтіп, бұл бағытты экономикалық өсімнің басты драйверіне айналдыруды міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Энергетика • 04 Қыркүйек, 2025

Энергетика министрлігі Қазақстан мұнайына қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өндіру көлемі 2 пайызға артты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025

Депутат Түркістан облысындағы ауыз су және кәріз мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Темір  Қырықбаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсаин Нағаспаевқа депутаттық сауал жолдады. Ол Түркістан облысының бірқатар аудандарында инфрақұрылым мен сапалы ауыз су тапшылығы әлі күнге дейін өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025

Елімізде кәсіби тұрғын үй басқарушылары жетіспейді - депутат

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева тұрғын үйді басқару сапасына қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, бұл мәселе әрбір қазақстандықты толғандырады, себебі саладағы қателіктер тұрғындар үшін бірден байқалады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025

Тараздағы жасөспірімнің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

Тараз қаласында жасөспірімдер арасында 1 қыркүйек күні жанжал болып, салдарынан 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде тау-кен технологиялық колледжінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырды деп сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев түрмеден шықты. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Яндекс.Метрика