Ұстаз • 03 Қазан, 2025
Өз саласында мемлекеттік марапатқа лайықты, бірақ өз бағасын алуға кешігіңкіреп жүргендей көрінетін бір жан бар еді Маңғыстауда. Ол – тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы төл оқулықты құрастырған математик ұстаз, бүгінде ардагер-зейнеткер Қуантқан Ванов. Математика маманының қазақ тілі, оның емлесі, әліпби мәселесімен айналысып, өзінің тың ойларын құзырлы орындар назарына ұсынып жүргеніне де біраз жыл болды.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Қосалқы станса энергия тапшылығынан құтқарады
Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында өңірлік электртораптық компаниясының жаңа қосалқы стансасы ашылды. Қосалқы станса 10 мыңға жуық тұрғыны бар, облыс орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан ауылды электр энергиясымен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.
Экология • 26 Қыркүйек, 2025
Улы көлдің қаупінен қашан арыламыз?
Маңғыстау облысында радиоактивті қалдықтар көмілгендіктен, қоршаған ортаға қауіпті, тұрғындар денсаулығына зиянды аумақ бар. Халық аузында «улы көл» атанған Қошқар атаның қалай, қашан пайда болғандығы, оны тұмшалау, зарарсыздандыру бағытында қолға алынған жұмыс пен бөлінген қаржы туралы бұған дейінгі мақалаларда бірнеше рет айтылғандықтан, қайталай беруді артық санаймыз.
Өндіріс • 23 Қыркүйек, 2025
«Ақтау Агро» серіктестігінде асылтұқымды құс өсіруге арналған кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға «Аграрлық несие корпорациясы» мен құрылтайшылар қаражаты бөлінген. Фабрикада инкубатор, құс өсіру алаңдары, құс сою цехы, құрамажем зауыты қарастырылған.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
Өңір әлеуетін тиімді пайдалану маңызды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларды талқылауға арналған актив отырысы өтті.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Каспий теңізінде теңіз аквашаруашылығын дамытуға арналған алғашқы тор қоршамалар Маңғыстау облысының Құрық портында суға түсірілді. Жоба Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен, «Organic Fish» ЖШС қолдауымен жүзеге асып отыр. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов, «Organic Fish» ЖШС бас директоры Ержан Аманқосұлы, құрылтайшылар мен сала ардагерлері қатысты.
Мектеп • 06 Қыркүйек, 2025
Батырда «Келешек мектебі» ашылды
Тұрғындарының саны жағынан өңірдегі ең үлкен Мұнайлы ауданында жаңа оқу жылы басталысымен су жаңа «Келешек мектебі» есігін оқушыларға айқара ашты. Бұл оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім ортасын құруды мақсат еткен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан Маңғыстау облысындағы кезекті білім ошақтарының бірі.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Су жолы мен теміржолды тоғыстырған хаб
Алдағы уақытта «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) қытайлық зауыттар ашылуы мүмкін. Экономикалық аймақта көптеген жеңілдік бар – келген компаниялар корпоративтік табыс, мүлік, жер салығы мен импорттық қосылған құн салығынан (ҚҚС), кедендік баждардан босатылады. Ал жобаларға толық әкімшілік және техникалық қолдау көрсетіледі. Қазір «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы ұлғайып келеді. 14 субаймақтан тұратын нысанның жер көлемі Ақтау теңіз сауда порты мен Құрық портының, Солтүстік терминалының қосылуымен 4 407 гектарға үлкейді.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Жастар денсаулығына – жіті назар
Кейінгі жылдары елімізде жастар арасындағы ерте жүктілік, аборт жасату жиілеп, қоғамның алаңдаушылығын тудырып отырғаны белгілі. Осы тұрғыда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтауға айрықша басымдық беріп келеді.
Құрылыс • 16 Тамыз, 2025
Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында сыйымдылығы 12 600 орынды қамтитын 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бір жағынан, өңірде оқушылар саны жылдан-жылға көбейіп, білім ошақтары жетіспеушілігі күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан мектеп құрылысы ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі таңда облыста 4 500 орындық Ақтау қаласында – 3, Мұнайлы ауылында – 1, барлығы төрт мектеп пайдалануға берілді.