
Президент • 12 Мамыр, 2020
Президент Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақты аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Бас ботаникалық бақты қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Eрекше білім қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған вебинар
Абай атындағы ҚазҰУ-да инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының үшінші вебинары өтті. «Жалпы білім беру кеңістігіне ерекше білім қажеттілікттері бар балаларды енгізу шарттары» тақырыбына арналған вебинарды ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры З.А. Мовкебаева жүргізді.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2020
Scopus базасындағы журналда ғылыми жұмысты қалай жариялауға болады?
Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Scopus базасындағы журналда ғылыми жұмысты қалай жариялауға болады?» ғылыми вебинарs өтті. Вебинар мақсаты - жаңаша ойлауға қабілетті ғалымдарды біріктіру, ғылыми диалог алаңын құру.
Қоғам • 11 Мамыр, 2020
Электрондық еңбек биржасында 125 мыңнан астам бос жұмыс орны тіркелген
Мамыр айының бастапқы күндерінде Электрондық еңбек биржасында еліміздің барлық аймақтарындағы жұмыс берушілерден 125,4 мың бос жұмыс орны және 75 мыңнан астам түйіндеме орналастырылған.
Әлем • 10 Мамыр, 2020
«Союзмультфильм» алғашқы 3D онлайн мультфильмін ұсынды
«Союзмультфильм Youtube арнасында алғашқы 3D «Тышқан Фрош: Қазына іздеген достар» мультфильмін ұсынды. Шытырман оқиғалы мультфильм ресейлік жазушы Елена Никитинаның шығармасы желісінде түсірілген.
Әлем • 10 Мамыр, 2020
Ғалымдар болашақта тіршілік жоқ аймақтарды анықтады
Америкалық және британдық ғалымдар бірлескен зерттеулер жүргізіп, климаттық жағдайдың нашарлауына байланысты қай елдерде таяу болашақта өмір сүру мүмкін еместігін анықтады.
Технология • 09 Мамыр, 2020
Балалардың сауатын жасанды интеллект ашады
Жасанды интеллект адамзатқа революциялық өзгерістер әкелетін инновациялық салалардың бірі болып саналады. Бүгінгі күні жасанды интеллект күнделікті тіршілік саласына дендеп ене бастады. Әсіресе жасанды интеллекттің білім беру нарығындағы рөлі ерекше байқалады.
Коронавирус • 09 Мамыр, 2020
Пандемия салдарынан 25 жасқа дейінгі жастар зардап шегеді
Халықаралық еңбек ұйымы пандемияның экономикалық салдарынан 25 жасқа дейінгі жастар зардап шегеді деп мәлімдеді.
Әлем • 09 Мамыр, 2020
Португалияда 200 мың оқушының интернетке кіруге мүмкіндігі жоқ
Португалия мектептерінде жаңа семестр басталғанымен, әзірге сыныптар бос тұр. Балалар ғаламтордағы бейне қоңырау арқылы сабаққа қатыса отырып, қашықтықтан білім алуда.
Білім • 08 Мамыр, 2020
Сапалы білім мұғалімнің шеберлігі және ұйымдастырушылығымен ұштасады
Қашықтан оқыту режімі мектеп мұғалімдерінің білім беру ісіне жаңалық әкелмегенімен де, заманауи цифрлы кеңістікте озық ізденістерге баруға, тың мәліметтер жинауға ықпал етті.