Форум • Кеше
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі V халықаралық Фараби форумы қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • Кеше
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
«Сәтбаев оқулары» Satbayev International Conference 2026 дәстүрлі халықаралық конференцияның ашылу салтанатына Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чун қатысып, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ тұрақты даму бағытындағы жүйелі еңбегіне пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі» тақырыбы аясында өткен Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған ауқымды ғылыми іс-шарада онкүндік қорытындысы шығарылып, алдағы даму бағыттар айқындалды. Жиын барысында ғылым мен білім саласына үлес қосқан университет қызметкерлеріне ҚР ҒжЖБ министрлігі тарапынан марапаттар табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Алматыда ғалымдар марапатталды
Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Сәуір, 2026
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Қазіргі кезде еліміз өңірлерінде дала жұмыстары басталды. Ғалымдар шаруа қожалықтарымен бірлесіп, егіс науқанының экожүйесін дамыту ісін қолға алды. Бүгінде дәстүрлі науқанға айналған үрдіс азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары егіс басында болып, фермерлерге кеңес беріп, дала дақылдарының қауіпсіздігін, табиғи өндірісін басшылыққа алып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Сәуір, 2026
KazNARU студенттері Қытай университетінің сертификатын иеленді
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жасанды интеллект және робототехника саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, Қытай Халық Республикасының Чжэцзян технологиялық университетімен (ZJTU) бірлескен білім беру бағдарламасы аясында студенттерге сертификат табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Сәуір, 2026
Академик Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай жиын өтті
Абай университетінде қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Ғылымды дамытудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтты
Бүгін таңертең алматылықтар қаланың Қазақстанның мәдени астанасы екендігін тағы бір мәрте көрсетті. Референдум күні Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла шағын ауданындағы №562 сайлау учаскесінде тұрғындарды ерекше қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматыда алғашқы дауыс берушілерге сыйлық үлестірілді
Қазіргі сәтте жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум күні Алматыда барлығы 653 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматыда сайлаушыларға фотоаймақ ұйымдастырылды
Референдум күні Алматыдағы барлық дауыс беру учаскесінде ерекше әрі заманауи фотоаймақтар ұйымдастырылды. Бұл бастама қала тұрғындарына азаматтық борышын орындап қана қоймай, маңызды күнді есте қалдырып, естелік суретке түсу үшін жасалған. Фотоаймақтар мерекелік көңіл күй сыйлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.