
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
«Адамның хикмет кеудесі» халықаралық өнер фестивалі өтті
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Абай оқулары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда. Жақында Алматыдағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №4 кітапхана бөлімшесі және Әлем Халықтары Жазушылар одағының бірлесуімен қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевқа арналған «Адамның хикмет кеудесі» Халықаралық Өнер фестивалі өтті.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Алматыда білім жүйесі қызметкерлерінің форумы өтті
Бүгін Алматыда Білім жүйесі қызметкерлерінің форумы өтіп, онда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Туған өлкенің тау-тасында ат құлағында ойнап өскен Еркебұлан үшін шығармашылық ойдың еркіндігі аса маңызды. Алматы облысының Тасашы баурайында балалық шағын өткерген ол шеберліктің әкесінен дарығанын айтады. «Әкем Советбектің ісмерлігіне ауыл тәнті болатын. Тұрмыстық бұйымдарды жасатуға келгендердің меселін қайтармай, әңгімесін ширата отырып, кәдеге асатын дүниелерді жарқырата жасағанына қызығып, шағын шеберхананы айналсоқтап жүруші едім»,- дейді Еркебұлан.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
«Бақытты отбасы» орталығы аналарға шағын кәсіп бастауға қолдау көрсетеді
Алматы қаласында таяуда ашылған «Бақытты отбасы» орталығының қызметіне ендігі кезекте көп балалы аналар ғана емес ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жалғыз басты аналар мен әкелер де әлеуметтік мәселелері бойынша жүгіне алады. Орталық менеджері Жұмагүл Тәжібаеваның айтуынша, қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында жұмысы жандана бастаған орталықтың мақсаты салауатты ортаны қалыптастыра отырып, қоғам назарынан тыс қалған, көмекке зәру жандарға барынша көмек қолын ұсыну. Орталық жекелеген азаматтардың қала тіркемесінің болу-болмауына қарамастан тиісті кеңестер, қажетті мамандықтан игеруге, жеке кәсібін ашуға мүмкіндік береді. Орталыққа келгендер арнайы сауалнама толтырып, әлеуметтік қызметкерден, психологтың, заңгердің кеңесіне жүгіне алады.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2019
«Көк-төбе Opera - 2018» музыка фестивалі өтеді
Операның талғампаз тыңдармандары үшін оңтүстік астананың маңызды мәдени шараларының біріне айналып үлгерген «Көк-Төбе Opera - 2019» фестивалімен биыл 4-ші рет өтеді.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Алматының Наурызбай ауданындағы Таусамалы, Қарағайлы елді мекендері арқылы өтетін арнадағы судың тасқыны тұрғындарды біраз әуре-сарсаңға салып, дүрбелең туғызды. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі сел жүру қаупін бұдан бұрын анықтағандықтан бұл аумақтарда қауіпсіздік шараларын күшейтіп, эквакуациялық пункттер жасақталды. Ауданда газ, жарық жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Жылжымалы кешен қызметіне алты мыңға жуық адам жүгінген
Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сапалы медициналық қызметке қолжеткізудегі мобильді топтардың жұмысы туралы хабарлап, Алматы қаласындағы медициналық мекемелер 1-30 тамыз аралығында өтіп жатқан айлықтың белсендігі туралы баяндап өтті.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Ұлттық нақышпен әсемделген шағын музейдегі аспаптардың көптігіне қарап таңданысымызды жасыра алмадық. Мұнда уілдеуік, тастауық, үскірік, шыңырау, құссайрауық сияқты сазсырнайдың, жез, сыбызғы, қурай сыбызғы, қара қамыс сыбызғы тәрізді сыбызғының 200-ден астам түрлері топтастырылыпты. Музейдің оң жақ қабырғасында тарихы жүзжылдықтарға бойлайтын көне домбыра, қобыздар сәнімен тізілсе, терезе жақтауларына жапсарлас ілінген дауылпаз шеберлер экспедициясынан жинақталған құнды жәдігерлер. Баян Өлгейдің Сақсай, Қалақша өңірінен әкелінген тарихы ғасырларға бойлайтын домбыралармен қатар атадан баласына мирас болып қалған Кәлек Құмақайұлы, Еңбек Абдоллаұлы, Еділ Құсайыновтың сыбызғысы да осыннан орын алған.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Алматының Наурызбай ауданында арна бойымен сел жүріп өтті.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2019
Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан