Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1818 материал табылды

Медицина • 04 Тамыз, 2019

Алматы қаласының аудандарында мобильді дәрігерлер кеңесі жұмыс істейді

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында тұрғындарды қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету мақсатында денсаулық айлығын бастап кетті. Қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында сапалы медицинаға қол жетпейтін аумақтарда мобильді дәрігерлер кеңесі жұмыс істеуде. Қажетті құралдармен толыққанды қамтамасыз етілген жылжымалы кешендерде терапевт, балалар дәрігері, кардиологтар мен өзге де салалық дәрігерлер қызмет көрсетуде.

Руханият • 04 Тамыз, 2019

Шағын пішімдегі кітаптар көрмесі өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалтарыста қалған құнды дүниелерімізді паш етуге бағытталған маңызды шаралармен жалғасын тауып келеді. Алматыда  «Ғылым ордасының» Сирек кездесетін кітаптар музейінде өткен «Кітап – баға жетпес қазына» көрмесінде шағын пішімдегі кітаптар қойылды. Көрмеге мұқабасының әсемдігімен, жұқа, қалыңдығымен емес, пішімінің шағындылығымен ерекшеленетін кітаптар сөрелерге сап тізілді.

Руханият • 04 Тамыз, 2019

Сырға толы сасандо

Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде ұйымдастырылған танымдық бағдарламалардың бірінде руханият ордасының қорында сақталған аспаптар кеңінен таныстырылды.

Аймақтар • 02 Тамыз, 2019

Халық музыкалық аспаптар музейінде танымдық экскурсиялар өтуде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлт құндылықтарымызды жастар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің мамандары алматылықтар мен қала қонақтары, әсіресе балалар мен студенттердің жазғы демалысын  мазмұнды өткізуде танымдық бағыттағы экскурсиялар ұйымдастыруда.

Медицина • 02 Тамыз, 2019

Алматыда мобильді дәрігерлер кеңесі жұмыс істеуде

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында тұрғындарды қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету мақсатында денсаулық айлығын бастап кетті. Қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында сапалы медицинаға қол жетпейтін аумақтарда мобильді дәрігерлер кеңесі жұмыс істеуде. Қажетті құралдармен толыққанды қамтамасыз етілген жылжымалы кешендерде терапевт, балалар дәрігері, кардиологтар мен өзге де салалық дәрігерлер қызмет көрсетуде.

Аймақтар • 02 Тамыз, 2019

Алматыда көп қабатты тұрғын үйден шыққан өрт ауыздықталды

Алматыда Назарбаев даңғылында орналасқан көп қабатты тұрғын үйде болған өрт дер кезінде ауыздықталды. Адамдардың өміріне төнген қауіп өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында сейілді.

Руханият • 31 Шілде, 2019

Ұлт аспаптар фабрикасы

Ұлттық аспаптардың елуден астам түрлерін жасайтын «Шертер» кәсіпорнының өнімдері бүгінде алыс-жақын шетелдерге танымал. Қытай еліндегі қандастарымыздан тартып,   Монғолия, Түркия қазақтарын өнер туындыларымен тәнті етсе, өнімдері әлеуметтік желілер арқылы шартарапқа танылып, Ресей мен алыстағы Америкадан да тапсырыс түсіп жатады.  Ал отандық өнер қайраткерлері, музыкалық мектептердің сұранысымен қатар сый-сияпат ретінде қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылық жыл санап артып келеді.

Аймақтар • 30 Шілде, 2019

Қазақстандықтар қандай балмұздақты жақсы көреді?

Балмұздақты жеуге, әсіресе, жаз мезгілінде әуеспіз. Бүгінге дейін осы сүйікті десерттің сан алуан түрі пайда болды. Қандай балмұздақты жаныңыз қалайды - бәрі бар, сөрелерде тізіліп тұр. Қазақстанда балмұздақтың өту-өтпеуі жыл мезгілімен тікелей байланысты. Жазда күн ысып, ауа температурасы көтерілген мезетте салқын тағамға ел-жұрттың ынтазары артады. Сол себепті қазақстандық өндірушілер жазда жарысқа түсіп, бәсекені қыздырады. Отандық нарықта ресейліктер өндірісшілердің үлесі айтарлықтай.

Аймақтар • 28 Шілде, 2019

Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Алматыда Оқушылар сарайында  Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп, алпысқа жуық компаниялар қатысты.

Аймақтар • 28 Шілде, 2019

Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлардың өлу себебі анықталды

Алматы хайуанаттар бағында жануарлардың өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталып, парк директорының орынбасары жұмыстан босатылды.