Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1963 материал табылды

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Алматы әкімдігінің Баспасөз қызметінің деректері бойынша,  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары және күзгі-қысқы кезеңде Тұрақтандыру қорын жасақтау шаралары қарастырылған.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Айкүне – дала жаттығуы

Тәні саудың – дені сау. Қазіргі кезде дене, тән күтіміне қолдау беретін орталықтармен қатар, арнайы бағдарламалар да жеткілікті. Осы тұрғыда Рожа Бекжанова жетекшілік ететін «Айкүне» орталығы Алматы қаласы тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында қазақ халқының жаттығуы негізінде қызмет етіп келеді. Жақында орталықтан «Бақытты отбасы» орталығында тіркелген көп балалы бірнеше отбасы арнайы ем-дом қабылдап, жаттығудың әліппесін игерді.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының аясында екінші толқыны оқытылуда

«Жас кәсіпкер» жобасының қатысушыларына әлеуметтік желілердің, бизнестің алдында ашатын мүмкіндіктер туралы Facebook және Instagram, SMM-практиктер жөніндегі сарапшы, практикалық интернет-маркетинг мектебінің бас директоры Майгүл Бүргебаева шеберлік дәрісін өткізіп, оған Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарынан 150-ге жуық тыңдаушы қатысты. Тыңдаушылар SMM аясында «Facebook және Instagram арқылы өз тауарлары мен қызметтерін қалай ұсыну керек» тақырыбы аясында көптеген танымдық ақпараттармен алмасып, заманауи кеңістіктің мүмкіндіктерін игерді.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда егіздер шеруі өтті

Алматыда Орталық саябақта егіздер шеруі өтті. Жүз елуден астам егіздер жиналған мереке балалар ғана емес, егіздер тәрбиелеп отырған отбасылар үшін ерекше күнге айналды.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда жоғары сынып оқушылары өз жолын таңдады

«Өз жолыңды тап» -  «Find Your Way» деген атаумен Алматыда жоғары сынып оқушылары, колледждер мен бірінше курс студенттерінің студенттік өмірін барынша тиімді әрі қызықты өткізулеріне ықпал етуді мақсат ететін іс-шара өтті. Бұл шараға 15-18 жас аралығындағы 200 адам қатысып, оннан астам сарапшы олармен жеке және кәсіби өсудің құпияларымен бөлісті.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Триатлоншы Әнел Сытдықова Алматыға келді

Бұдан бұрын мәлім болғанындай, триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта гидрокостюмсіз жүзіп өткен болатын. Бұғаз суының 15-16 градус салқындықта болатынын ескерсек, Әнелдің бұл әрекетін мамандар ерлікпен пара-пар деп бағалап отыр. «Қазақстанның темір ханшайымы» атағын бірнеше мәрте иемденген триатлоншыны Алматы әуежайында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы қошеметпен қарсы алды.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

«Касперский зертханасының» заманауи жетістіктері талқыланды

Қазақстан цифрлық қауіпсіздік мәселесінде он бес жыл қатарынан  «Касперский зертханасымен» бірге кибершабуылдарға тойтарыс беріп келеді. Осы жылдар ішінде елімізде де, киберқауіпсіздік индустриясында да көптеген өзгерістер орын алды. Кейбір оқиғалар тек саланы ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар, ақпаратты қорғау мәселесін үйдегі пайдаланушылар, коммерциялық компаниялар, тиісті органдар үшін басты басымдықтардың біріне айналды.

Қоғам • 22 Тамыз, 2019

Алматыда «Central Asia Youth Festival» I Орта Азиялық фестивалі басталды

Жастар жиынына еліміз аймақтарымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елінен үш жүзден астам қонақтар келген. Халықаралық ұйымдардың мүшелері болып табылатын әрі жас көшбасшылармен қатар сарапшылар, қоғам, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, стартап-кәсіпкерлер, спортшылар да осы фестивальдің қонағы.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

«Жібек жолы – диалог жолы» халықаралық акциясы жолға шықты

Қазақстанның киелі орындарын түгендеу жұмыстары толассыз жалғасын табуда. «Ұлы даланың жеті қыры» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Қазақстанның мәдени-географиялық нысандарының туристік маңызын арттыру міндеті қойылған-ды. Осы мақсатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism»-нің ұйымдастыруы бойынша Алматыда «Жібек жолы – диалог жолы» атты халықаралық көпкүндік экспедиция жолға шығады деп хабарлады қаланың Баспасөз қызметінен.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Отбасы құндылығының қайнарын қайдан іздейміз?

Соңғы жылдарда некенің жиі бұзылуы, бала тағдырының тәлкекке айналуы қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналды. Шаңырағы шайқалған орталарда балалар құқығын таптау,  отбасы құндылықтарын құрметтемеу сынды кереғар әдеттердің қоғам санасына дендеп бара жатқандығы алаңдатады. Отбасы ғана емес, бүтіндей бір елдің қасіретіндей көкейкесті мәселемен күресіп, оның алдын алу мақсатында еліміздің 8 аймағында 11 орталық ашылып, «Бақытты отбасы» пилотты жобасы жүзеге аса бастады.  Отбасын қолдау ресурстық орталығында психолог мамандармен қатар, заңгер, әлеуметтік қызметкерлер тегін кеңестер беріп, шаңырақтардың шайқалмауына ықпал етуде.