
Аймақтар • 19 Шілде, 2022
Цифрлы архив аясындағы ғылыми ықпалдастық
Алматыда Архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының үшінші отырысы өтті. Кездесуде екі елдің архив саласын цифрландыру, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Қоғам • 17 Шілде, 2022
Лагерьдегі демалыс шаттық сыйлайды
Кейінгі жылдары балалар үйлері санын қысқарту, тәрбиеленушілерді отбасылық ортада өсіру бағытында кәсіби патронаттық отбасы институтын дамыту ісі тиімді жүзеге асып келеді. Осы орайда өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды әлеуметтендіру, толыққанды орта қалыптастырып, қоғамнан шет қалдырмай тәрбиелеуде кешенді бағдарламалар қолға алынып жатыр.
Қоғам • 14 Шілде, 2022
Жатақхана құрылысына инвестиция салынады
«Қаржы орталығы» АҚ өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде шағын және бизнес субъектілерін жатақханаларға инвестиция салудың тиімділігімен таныстырды. Брифинг барысында «Қаржы орталығы» АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Айнұр Сағындықова алматылықтарға алдағы 8 жылға мемлекеттік тапсырысты іске асыру үшін студенттер жатақханаларын салу туралы ұсыныс айтты.
Ғылым • 10 Шілде, 2022
Мұнай өндірісі үшін ұтымды қондырғы
Академик Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғалымдары «Жас ғалым» жобасы гранттық жобасы аясында мұнай-газ өндірісіне арналған штангалы піспекті қондырғының жаңа түрін шығарды.
Қоғам • 08 Шілде, 2022
Бала тәрбиесіне бейжай қарамайық
Соңғы жылдарда бала тәрбиелеу ісі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Тастанды балалар, білім мекемелеріндегі әлімжеттік, өз-өзіне қол жұмсау, ажырасқан отбасылар көрсеткіші мемлекеттік тұрғыда бақылауға алатын келелі мәселеге айналып барады. Осы орайда мамандар тұрмыс тауқыметін тартып, ата-ана мейрімінен зәрулік көріп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың өмірі қоғамға сын ғана емес, елдің болашағына төніп тұрған үлкен қауіп екенін алға тартады.
Аймақтар • 06 Шілде, 2022
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Бүгінде ғаламдық технологиялық үдерістердің нәтижесі білікті мамандар көрсеткішіне байланысты айқындалуда. Осы орайда ел экономикасындағы сапалық көрсеткіштерді арттыруда стандарттау және метрология мамандарына қойылатын талаптар күшейіп келеді. Сәтбаев университетінде ашылған KazStandard Academy халықаралық талаптар үдесінен шыға отырып, ел нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлау ісіне басымдық беріп отыр.
Аймақтар • 03 Шілде, 2022
Тұманды Альбионда топ жарған команда
Қазақстандық роботтехника командасы Ұлыбританияның Косфорд қаласында өткен FIRST Tech Challenge олимпиадасында жеңіске жетті.
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Алматы әуежайында қасиетті мекенде парызын өтеуге ниет еткен 400-ге жуық қазақстандықты шығарып салу рәсімі өтті.
Қоғам • 29 Маусым, 2022
Мыңнан астам алматылық жаңа кәсіпті меңгерді
Оңтүстік астанада осыдан үш жыл бұрын ашылған «Бақытты отбасы» орталықтарының саны бүгінде тоғызға жетті. Әлеуметтік мәселелердің дер кезінде шешіліп, азайғаны қоғамдағы басты мәселелердің бірі дейтін болсақ, көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету мақсатында орталық мамандары тарапынан іске асып жатқан жобалар қуантады.
Аймақтар • 22 Маусым, 2022
Еріктілер миссиясы бір реттік акция емес
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алматылық еріктілер бір жылдан астам уақыт ішінде атқарған жұмыстарымен таныстырып, еріктілер қатарына қосылудың мүмкіндіктері туралы айтып берді.