Шаруашылық • 18 Қыркүйек, 2023
Ауыл шаруашылығы: Ғылым және тәжірибе
Мемлекеттің жаңа экономикалық саясаты ішкі нарықты ауыл шаруашылығы тауарларымен жеткілікті түрде қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтуды көздейді. Бұл ретте азық-түлік саясатында жетекші рөлге ие аграрлық саланы дамыту маңызды. Оның үстіне елімізді Еуразиядағы жетекші аграрлық орталықтардың біріне айналдыру бастамасы агроғылымға да жаңа міндеттер жүктеп отыр.
Алматы • 17 Қыркүйек, 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қарасты Педагогика және психология институтында коворкинг орталығы ашылды.
Ғылым • 14 Қыркүйек, 2023
Биологиялық сын-қатерлерге жауап
Адамзатты жұқпалы вирустардан сақтау әлем елдеріне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, адамзатқа қауіп төндірген, экономикалық, әлеуметтік жағдайын тұралатқан COVID-19 пандемиясының патогенезі академиялық қауымдастықтар үшін әлі күнге жұмбақ. Олар қауіп-қатер туғызатын вирустар осыдан жүздеген жыл бойы өзекті болғанын, технологиялар ғасыры вирустардың жаңа түрлерін анықтап, алдын алу жолдарын қарастыруы қажет екенін айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, COVID-19 әсіресе Таяу Шығыс, Азия мен Еуропа елдерінде өршіп отырғаны байқалады.
Алматы • 13 Қыркүйек, 2023
Бұған дейін жазғанымыздай, биыл Алматы қаласында 30 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Олардың ішінде 3 789 бала жекеменшік мектепте білім алмақ. Ал қаланың Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданында ашылған №211 мемлекеттік мектеп-гимназия балаларға бағдарлы білім беруге бағытталып отыр.
Мектеп • 08 Қыркүйек, 2023
Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте 7-11-сынып оқушылары үшін 520 орынға арналған инновациялық корпус ашылды. Жаңа ғимарат 9 бағыт бойынша оқыту бағдарламаларын қамтиды. Әр бағытқа сәйкес, мектеп түлектеріне тиісті сертификаттар, дипломдар мен алғысхаттар табысталады.
Білім • 08 Қыркүйек, 2023
Елімізде 190 мың студент колледжде білім алады. Олардың 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысымен оқиды. Сондай-ақ осы оқу жылында мемлекеттік білім беру көлемі 50 мың орынға артып, негізгі басымдық геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс және коммуналдық шаруашылық сияқты техникалық бағыттарға берілді.
Университет • 06 Қыркүйек, 2023
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ағаш, пластик материалдарынан оқу орнына қажетті бұйымдар жасайтын шеберхана, іс тігетін машиналармен жабдықталған тігін цехы және кір жуатын бөлме іске қосылды. Сонымен қатар арзан бағамен азық-түлік сататын әлеуметтік дүкен мен дәріхана пайдалануға беріледі.
Байқау • 04 Қыркүйек, 2023
«Замандас сыры» байқауы жоғары оқу орындары студенттері арасында өтеді
Биыл 29 тамызда көрнекті жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Замандас сыры» республикалық республикалық студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар арасында байқау жарияланғаны белгілі.
Жоба • 04 Қыркүйек, 2023
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінде өткен «World Robot Olimpiad-2023» әлем чемпионатында жас инженерлер теңізде және құрлықта қауіпсіздік пен тиімді логистиканы қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық жобаларды ұсынды. Стартап авторлары цифрлық технологиялар арқылы әлемді жақсартуда заманауи мүмкіндіктердің көп екенін дәлелдеді.
Денсаулық • 04 Қыркүйек, 2023
Балаларды тамақтандыру жүйесіне реформа қажет
Кейінгі жылдары елімізде мектеп жасындағы балалардың толып кетуі, қант диабетіне шалдығуы белең алып отыр. Оның басты себебін балабақша, мектептерде, тіптен отбасында дұрыс тамақтанбау салдарымен байланыстырған мамандар саламатты ұрпақ тәрбиелеудің ұлттық бағдарламасын қабылдау қажеттігіне назар аударып отыр.