
Ғылым • 13 Желтоқсан, 2024
Академик Әбдуәли Қайдардың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, ана тілінің абызы, академик Әбдуәли Қайдардың туғанына 100 жыл толуына орай «Мәдениет өркениет жаһаният контекстіндегі гуманитарлық ғылым: тіл, этнос, қоғам» тақырыбында халықаралық конгресс өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2024
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Алматыда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау күніне орай «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: мақсаттар, сын-қатерлер және адам құқықтары» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара барысында «Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» таныстырылды.
Ғылым • 12 Желтоқсан, 2024
Алматыдағы Достық үйінде академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Оған Ұлттық ғылым академиясының басшылығында болған ғалымдар мен дербес ғылым академияларының басшылары қатысты.
Алматы • 11 Желтоқсан, 2024
Сатирик мектебінде мұражай ашылды
Биыл көрнекті ақын, сатира сардары Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толды. Соған орай ашылуына осыдан 40 жыл бұрын қаламгердің өзі ұйтқы болған Алматы қаласындағы №62 гимназияда Шона Смаханұлы атындағы мұражай ашылды.
Тағзым • 10 Желтоқсан, 2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы бірлесіп, көрнекті ғалым, ҰҒА академигі Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сөз сыры мен сынын саралаған ғалым» атты дөңгелек үстел өткізді.
Алматы • 04 Желтоқсан, 2024
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 90 жылдық мерейтойына орай жатақхана құрылысы басталып, болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсула студенттерге арналған ғимараттың іргетасына қаланды.
Ғылым • 03 Желтоқсан, 2024
Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтіп, онда отандық ғылым алдында тұрған келелі міндеттер талқыланды.
Мәдениет • 30 Қараша, 2024
«Ұлы Жібек жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесінде ұлттық өнердің озық үлгілерін қамтыған бірқатар еңбектің таныстырылымы өтті.
Білім • 28 Қараша, 2024
Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023–2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында елімізде шетел университеттерінің филиалын ашу жұмыстары жалғасып келеді. Мемлекетаралық келісімге сәйкес 2021 жылдан бергі аралықта республикада 23 шетел университетінің филиалы ашылған.
Алматы • 26 Қараша, 2024
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тілінде жарық көрді
Түркияның Анкара қаласында орналасқан президенттік ұлттық кітапханада «Turktav» түркі тарихы және мәдениеті қоры, «KÖK TUĞ» қазақ мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, академик, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың «Қазақтың отбасы фольклоры» еңбегі «Kazak aile folkloru» атауымен түрік тілінде жарық көрді.