Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1852 материал табылды

Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

Бурабайда жас ғалымдар халықаралық форумы өтіп жатыр

Бүгін Бурабай баурайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының ұйымдастыруымен III халықаралық «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» жас ғалымдар халықаралық форумы өтуде.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

Көкшетауда француз инвесторлары жұмыс істеуге ниетті

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының су тазарту жүйесін жаңғыртуға ниет білдірген франциялық компания өкілдерін қабылдап, бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Ақмолада құрылысшылар футбол алаңына шықты

Құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында тамыздың 5-8 аралығында облыстық құрылыс басқармасының бастамасымен мердігер құрылысшылар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылуда. Аталмыш сайысқа 8 теңбіл доп командасы қатысуға ниет білдіріпті.

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Атқа мінсең, сырқатыңнан айығасың

Жылқының қадір-қасиетін жете таныдық дегенімізбен, әлі де тылсым сыры таусылатын емес. Таяуда атты полиция қызметкерлері сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту бағытында тосын бір игі істі қолға алды.  

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Әр аулаға футбол алаңы!

Көкшетау қаласында соңғы жылдары жасыл жамылғылы футбол алаңдары мен спорттық жаттығу снарядтары орнатылуда. Бұл игілікті іске жеке кәсіпкерлердің қаржылай қолдау көрсетіп жатқандығы қуанышты.  

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

«Жұмыспен қамту» акциясы талай заңсыздықты әшкереледі

Ақмола облысының ювеналды полиция қызметкерлері «Жұмыспен қамту» республикалық акциясы аясында рейдтер ұйымдастырып, бірнеше заңсыз әрекеттерді әшкереледі.  

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда

 Облыста «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда. Шараны ұйымдастырушылар – облыстық білім басқармасы мен өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы. Бүгінгі таңда жәрдемге мұқтаж жандардың тізімі анықталды. Акция аясында 11 мыңнан астам ұл-қызды мектепке дайындау жоспарланып отыр. Аталмыш шара жыл соңына дейін жалғаспақ.  

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Полиция қызметкерлеріне үй беріледі

ҚР ІІМ Ақмола облысының полиция департаменті  Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен өзара Меморандумға қол қойды. Келісім аясында  келесі жылы полиция қызметкерлері 9 қабатты  90 пәтерлі үйдің иесі атанбақ. Сонымен қатар, ішкі істер саласы қызметкерлеріне  бірқатар жеңілдіктер қарастырылып,  тұрғын үй мәселесін шешудің тиімді тәсілі ұсынылып отыр.   

Үкімет • 05 Тамыз, 2019

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, 2020 жылы Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселесін пысықтады. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорындардың және әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың, құрылыс жұмыстарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Руханият • 02 Тамыз, 2019

Шетелдегі қазақ балаларының құрылтайы өтті

Бурабай баурайындағы «Балдәурен» республикалық балалар оқу-сауықтыру орталығында өтіп жатқан халықаралық балалар құрылтайының оныншы ауысымына Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран және Германиядан үш жүзге жуық жеткіншек жиналған.