
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Көкшеде әлемдегі сирек кездесетін көбелектің 2 мың түрі сақталған. Зерендінің әсем табиғатының әдемі бір мүйісінде орналасқан энтомологиялық музейге келушілер де аз емес.
Спорт • 30 Шілде, 2019
Қасиетіңнен айналайын, Қамбар ата
Красноярь ауылындағы атшабарда көкпар ойыны өтіп жатқан. Ай құлақтанып ұрандатқан халықта есеп те, ес те жоқ. Теңіздей буырқанған доданың ішіне қойып кететіндей. Атқұмар ата қазақтың қанынан жұққаны-ау тегі. Туғалы тақымы тулаққа тиіп көрмегендердің өзі көкпаршыларға жөн сілтеп, ақыл айтуда.
Аймақтар • 27 Шілде, 2019
Бүгін таң сəріден Көкшетау қаласының тұрғындары тазалық қамына кірісті. Бұқпа тауының баурайы, Қопа көлінің жағалауы, Шағалалы, Қылшақты өзендерінің аңғарлары тазартылып ондаған тонна күл-қоқыс шығарылды.
Аймақтар • 27 Шілде, 2019
Қонақжай Көкшетау Арыс балаларын қарсы алды
Бүгін, сенбі күні Арыс қаласының балалары қасиетті Көкше топырағына қадам басты. Ауасы дертке дауа, жұпар иісті Көкше өңірінде, тамылжыған табиғат аясында тынығып, дем алуға келген 145 баланы ел ақсақалдары мен облыстық білім беру басқармасының басшылары, қала жұртшылығы қарсы алды.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Қиындығынан қаймықпай қарекет еткен адамға ел ішінде жұмыс жетерлік. Қыр-сырын білмейтін тосын кәсіп те емес, атадан қалған ақ таяқ, кейінгіге мирас болған жұмыс. Тек жетпей тұрғаны тәуекел ғана.
Экономика • 21 Маусым, 2019
Ауылда жұмыс көп, уақыт жоқ – дейді шаруа қожалығының басшысы Жанат Әбелдинев
Кей-кейде ауыл десе көз алдыңа екі қолын алдына сыйғыза алмай, аңтарылып отырған адамдардың елестейтіні бар. Дәл қазір бұл қате ұғым. Мемлекеттің қолдауына ие болып, төрт түлік мал өсіріп отырғандардың қатары күн санап көбейіп келеді. Уақытпен санаспай адал еңбек ететін олардың қам-қарекеті өзгеге үлгі.
Үкімет • 17 Маусым, 2019
Премьер-Министр Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды
Сапар барысында Премьер-Министр алдымен «Қазақстандық Агро-Инновациялық Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл кәсіпорында астықты аймақ үшін қажетті әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары жиналады. Қуатты техникалардың тіркемелері жергілікті жерде жасалады. Жобаның құны – 4,7 миллиард теңге. 2016 жылы пайдалануға берілген кәсіпорынның жыл сайын 1500 дана техника шығаруға мүмкіндігі бар. Қазіргі күні кәсіпорын шығарған техникаларға еліміздің көптеген өңірлерінен сұраныс түсуде.
Қазақстан • 15 Маусым, 2019
Көкшетаудың әлеуетін кәсіпорындары нығайтады
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды.
Руханият • 14 Маусым, 2019
Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..
Осыдан тура екі жыл бұрын маусым айының 21 жұлдызында Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылында оқыс оқиға орын алған болатын. Ауыл маңындағы су айдынында шомылып жүрген екі бала суға батып бара жатқанда құтқарып қалған бозбала Шыңғыс Тиыштық опат болды. Артында ерлік өнегесі қалды. Таяуда біз Шыңғыстың анасы Альфия Қабылқызымен тілдесіп, өткен оқиға сорабын тағы бір еске алғанбыз. Көктей қиылған марқұмның аты өшпесін, жас жүректің жалынды жарқылы сөнбесін деп.
Аймақтар • 14 Маусым, 2019
«Баладан асқан бақыт жоқ» – дейді балалар дәрігері Әлия Гайнутдинова
Жоғары сыныптарда оқып жүргенде анасы экономист болған соң өзінің де осы мамандыққа аңсары ауатын. Болашақты болжаған бір сырласуда өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, абзал ана ақыл қосқан.