
Аймақтар • 23 Мамыр, 2022
«Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңіне жүзден астам оқушы қатысып, бақ сынады. Білім мен білік таразы басына тартылған кезде ұлағатқа ынтықтардың ұмтылысының көптігі менмұңдалап тұрды.
Қоғам • 22 Мамыр, 2022
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Баспана мәселесі қашанда өте күрделі. Халықты қолжетімді баспанамен қажетінше қамтамасыз ету мемлекеттің іс-қимыл стратегиясының негізгі бағыттары екендігі әлімсақтан белгілі. Құрылысшылар қауымы елімізде 5 маусымда өтетін референдумға бір кісідей қатыспақ. Өз таңдауларын жасаса, саладағы түйткілді мәселелер де түбегейлі шешілер деген үмітте.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2022
Бас болмаққа ұмтылған бала көңіл
«Үздік ұланбасы-2022» облыстық байқауына қатысқан балалардың бойындағы от-жалынды көріп, жанымыз жадырады. Жас та болса бас болуға ұмтылған балалардың бойында ұлтына деген құрмет, еліне деген махаббат, Отанына деген ыстық ықылас шүпілдеп-ақ тұр екен.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2022
Астықты өңірде көктемгі егіс науқаны басталып кетті. Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша қолайлы сәтті қалт жібермеуге тырысқан ырыздық жорығының жампоздары қауырт қимыл үстінде.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2022
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Өңірдің тоғыз ауданында белгісіз мал ауруы пайда болды. Сол себепті мал ішінде өлім-жітім көбейіп тұр. Осы жылдың мамыр айына дейін 3,8 мың бас ірі қара, 1,7 мың бас қой-ешкі белгісіз ауруға шалдыққан.
Қоғам • 16 Мамыр, 2022
Жаз қабағы жадырай қоймаса да, кене шағу дерегі күн сайын дерлік тіркелуде. Эпидемиялық кезең басталғалы облыста кене шағудың 90 дерегі тіркелген. Бір өкініштісі, оқыс оқиғаның жартысына жуығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алып отыр.
Референдум • 16 Мамыр, 2022
Сандықтау ауданының тұрғындары 5 маусымда өтетін референдумға байланысты Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьевамен кездесті.
Қоғам • 13 Мамыр, 2022
Ауыз судың азабынан арылар күн бар ма?!
Өңір тұрғындарын ауыз сумен қамту көрсеткіші 91,4 пайызды құрайды. Оның ішінде қажетті судың 31,9 пайызы ашық су көзінен алынса, 39,5 пайызы жерасты су көздерінен тартылады. Қала халқының – 99, ауыл халқының 84,2 пайызы таза сумен қамтамасыз етілген. Демек бұл орайда кезегін күткен мәселе шашетектен деп айтуға әбден болады.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2022
Көкшетауда Алаш ардақтысының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.
Білім • 05 Мамыр, 2022
Оқушылар жазда қалай демалады?
Жалпақ әлемді бір қауыздың ішіне сыйғызған індеттің сұсынан сескеніп, соңғы жылдары жазғы демалысында қарға адым жер ұзап шыға алмаған оқушылар биыл тұмса табиғаттың аясында еркін тынығып, құр атқа мінгендей қунап қалмақ.