
Аймақтар • 04 Мамыр, 2022
Соңғы жылдары мемлекеттік қолдау арқылы тыңға түрен салып, тәуекел етудің нәтижесінде табысқа қол жеткізіп отырғандардың саны біршама көбейе түскен. Ел ішіндегі осы бір игілікті шаруа талпынған жанның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал етіп келеді.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2022
Еңкейген кәрісінен еңбектеген баласына дейін бір-бірін түстеп танығаны былай тұрсын, әрқайсысының жандүниесіндегі тылсым сезімді тілсіз ұғып, тілектері мен ниеттері бір арнада тоғысып жататын, сүттей ұйыған, ажарлы ауылды көргенде, ырысты ынтымағына дән риза болатының бар.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2022
Бурабай ауданының мектеп оқушылары мен студенттер қауымы тұңғыш рет британдық Hertfordshire Press баспасының өрімдей жас авторы Даниэль Ахмедтің комикстер жасау бойынша шеберлік сыныптарына қатысып, тылсым өнердің тұңғиығымен танысуға мүмкіндік алды.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Өңірде қоңыр аңды суық көздің сұғынан, аңшының қандауыз мылтығының қарауылынан қорғайтын «Киік» акциясы ұйымдастырылды. Мамандардың есептеуіне қарағанда, желдей еркін, сары сағымдай азат киік саны кейінгі жылдары күрт көбейіп келеді.
Туризм • 25 Сәуір, 2022
Көкшенің көркін көріп, көзайым бол!
Жіліктің майындай сіңімді, қанша жұтсаң да көкірегіңнің құмары бір қанбайтын саф ауасы құр атқа мінгендей қунататын Бурабай баурайы алыс-жақыннан келген мейманды қол қусырып қарсы алуға дайын. Жалғыз тамаша табиғаты ғана емес, рухани әлеміңді нұрландыратын байлық та қат-қабат.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2022
Көгеріп көктем келген соң облыс орталығының іргесіндегі саяжайларда тіршілік нышаны пайда болды. Өтпелі кезеңнің өкпек желінен аман қалған аумақта тырбанып жұмыс істегендер ақ адал еңбегімен сыбағаларын молайтуға талпыныс жасауда.
Экономика • 21 Сәуір, 2022
Бірер күннен соң ерінбегенге берері мол берекелі далада молшылық үшін жанталасқан мылтықсыз майданның ұлы дүбірі басталмақ. Ел еңсесін биіктетіп, ырысын молайтуға бағытталған еселі еңбек дүбірі, дала ерлерінің атын әйгілейтін еңбек жорығы. Былтырғы қуаңшылықтан ептеп есесі кеткен ақмолалық диқандар биыл қарымта қайтармақ.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне айрықша назар аударған болатын. Бес жыл ішінде орман алқабында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу міндетін жүктеген еді.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Ырыздығына ыждағатпен қарамайды
Ілкі заманнан бері төрт түлік малмен күнкөріс қажетін өтеген Алаш жұрты амандық-саулықты малдан бастап сабақтайтыны бекер емес. Өйткені бар тіршілік ақ адал малына, малының амандығына байланысты. Соңғы жылдары мал ұрлаған суық қолдыларды жазалау шарасы күшейтілгенімен, ұрылардың құрығы қысқармай тұр.
Қоғам • 19 Сәуір, 2022
Бастама баянды болса, баға да тұрақтанады
Елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету белдеуіндегі Ақмола өңірінде жалпы құны 260 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бір жақсысы, жобалар жүзеге асқанда 2,5 мың жаңа жұмыс орны пайда болады.