
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021
Тағдырдың тәлкегімен жарық дүние есігін ашқалы маңдайынан ананың аялы алақаны сипап көрмеген, жүрегінің жылуын сезінбеген сәбилерге ана болып, пана болып, періштедей желеп-жебеген жанды көрсеңіз көкірегіңізді қуаныш лебі кернейтіні бар. Мынау жарық дүниедегі ең күшті құдірет – ана мейірімі.
Президент • 17 Қыркүйек, 2021
Елімізде ІТ-мамандарының тапшы екендігі белгілі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ІТ-секторға қатысты нақты тапсырмалар берді. Өңірде Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс қолға алынуда. Таяуда Бурабай ауданында ІТ лицей-интернаты ашылды.
Коронавирус • 15 Қыркүйек, 2021
Індеттен аман қалудың жалғыз жолы
Ақмола облысында 1 750 төсектік орын, 23 медициналық ұйым жаман тұмаудың шеңгеліне іліккен науқастарды емдеуде. Бүгінде төсектік орындардың 42 пайызы толық. Жансақтау бөліміне түскендердің саны 1,6 пайызға көбейді.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021
Берекеге бөгіп тұратын қоңыр күзде дала төсі еңбек дүбіріне бөленген. Алыстағы Астрахан ауданының диқандары қауырт қимыл үстінде. Биылғыдай қуаңшылық жылы дәтке қуаты – орылған астық сапасының жылдағыға қарағанда жоғарылығы.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2021
«Музыкалық тәрбие – бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» дейтұғын қанатты сөз бар. Көкшетаулық дәулескер домбырашы Сәкен Біржанов шешен домбырасының шанағынан құйылып түскен мазмұнды күйлерімен замандастарымыздың рухани әлемін байытып келе жатқан өнер иесі.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021
Көктемгі егіс уақтылы аяқталған. Үміт мол еді. Диқан қауым 5 047 мың гектар жерге дән сіңірді. Бұрыннан тусырап жатқан бос жерлер игеріліп, алқап көлемі 178,7 мың гектарға кеңейді.
Экология • 08 Қыркүйек, 2021
Айнакөл «қартайды», айдынынан әр тайды
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі жіберілген кейбір қателіктерден өңіріне сексен көлден сексен алқа таққан делінетін Көкшенің баурайындағы 1 515 көлдің жартысынан астамы жер бетінен жоғалып кеткен. Қазірдің өзінде жүздеген көлдің суы азайып, табаны тайызданып, жағалауы түгіл жарым айдыны ми батпаққа айналып, қамыс, қоға басып тұр.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2021
Көктен игені көп болмаса да астықты өңірдегі егіннің шығымы тәубе дерлік. Қазір ақмолалық диқандар астық жорығын үдете түсті
Туризм • 31 Тамыз, 2021
Еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алып, жер жаннаты Көкшетауда жалғасын тапты. Экспедицияға қатысушыларды облыс орталығының зиялы қауымы қарсы алып, шашу шашып, құрмет көрсетті. Сапарларына оң болсын айтып, игі бастамаларына тілектестік білдірді.
Қоғам • 26 Тамыз, 2021
Жас ғалым Екатерина Вибе «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауына «Экология» аталымы бойынша өтінім беріп, соңғы кезде бар ынта-ықыласымен жүзеге асырған жобалары туралы әңгімелеген болатын. Қазылар алқасы, әсіресе, Арал теңізінің тағдыры туралы айтқан кесімді пікірлерін ескерген. Нәтижесінде, ол жүзден жүйрік атанып, байқауда бағы жанды.