
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Тоқсанға аяқ басқан еңбек ардагері Елена Смағұлованың қилы тағдыры – тыңдаған жанға бір жыр. Әдемі әдіппен көмкерілген жан толқынысынан өзі өскен өңірге деген сүйіспеншілік аңғарылып тұрады.
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Көктемде ақмолалық диқандар 5 млн гектар алқапқа егін еккен болатын. Оның 4,5 млн гектары – дәнді дақылдар. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда бұл тарапта көп-көрім өсім бар. Дәнді дақылдар алқаптары 68,2 мың гектарға ұлғайды. Биыл гектар берекесі 8-10 центнерден айналады деген үміт бар.
Сайлау • 19 Шілде, 2021
Биыл 25 шілдеде елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізілмекші. Жаңалықтан құлақтанған жұрт жақсылықтан үмітті. Өңірдегі саяси науқан қалай ұйымдастырылып жатыр? Маңызды өзгерістен халық не күтеді? Біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Өңірдегі малсақ қауымның бағымында 544,2 мың қара мал, 741 мың қой-ешкі, 248,4 бас жылқы бар. Осы малды қыстатып шығару үшін 1 181 мың тонна шөп қажет. Әзірге шабылып, жиналғаны 435,3 мың тонна немесе барлық көлемнің 36,9 пайызы ғана. Биыл көктем шыққалы жауын болмағандықтан шөп сұйық. Қытымыр қыс қамданбағанды қырына алатын түрі бар.
Өнер • 15 Шілде, 2021
Жыр алыбына арналған жылжымалы көрме
Көкшетаулық қауым ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Алты Алаштың Жамбылы» атты жылжымалы көрмені көріп, көзайым болуда.
Аймақтар • 14 Шілде, 2021
Тамылжыған табиғатты саф күйінде сақтаудың маңызы өте зор. Таяуда «Киелі табиғат» акциясы аясында облыстық туризм басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығы білек біріктіріп курортты аймақта эко-сенбілік өткізді.
Қоғам • 14 Шілде, 2021
Бауыр басқан, түтін түтетіп, ұрпағын өрбітіп отырған жерінің қадір-қасиетін жете түсініп, еліне көмек қолын созу – адамгершіліктің белгісі. Қазақ және араб тілдерін еркін меңгерген Нурсаит Машанло ел ішіндегі еріктілер қозғалысына ұйытқы болып жүр.
Тәуелсіздік • 13 Шілде, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы қолайсыз климаттың ахуалын жақсарту, қала халқының жайлы өмірі мен демалысына жақсы жағдай туғызу үшін 1996 жылы «Астананың жасыл белдеуін құру» мәселесі қолға алынған болатын.
Аймақтар • 12 Шілде, 2021
Биыл өрт жиілеп тұр. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда орман өрті 34 оқиғаға көбейген. Өліқаудың тұтануынан және адамдардың бейқамдығынан орын алған дала өрті бір жарым есе ұлғайған.
Аймақтар • 11 Шілде, 2021
Өз тілін өгейсіткендер қатары Көкшетауда әлі қалың
Кешегі Кеңес заманында қазақ тілінің кірпігі ғана қимылдаған Көкшетау өңірінің рухы жүдеп, рухани әлемі тайызданып, теперіш көргені аз емес еді. Әлі де көсегесі көгеріп тұрғаны шамалы.