Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1814 материал табылды

Қоғам • 23 Маусым, 2021

Жанашыр жандардың жәрдемі

Қабанбай батыр ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Жергілікті атымтай жомарттардың елге деген ақ ниеттері мен пейілдері қолтықтарынан демеп, болашаққа деген сенімдерін нығайта түсті.

Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Біржан сал еліндегі береке

Өңір «қызыл аймақтың» құрсауында тұрған кезде аудан тұрғындары бір-біріне қол ұшын созып, қамқор бола білді. Ел болған соң көмекті қажет ететіндердің де кездесіп жатуы әбден мүмкін. Бір жақсысы, олардың ешқайсысы қиындықпен жалғыз алысқан жоқ. Ежелден бірлігі бекем өңірде жан шуағының жылуы сезіліп тұрды. Әсіресе, жас толқынның жанашырлығы егде адамдардың сүйіспеншілігін тудырды.

Экономика • 22 Маусым, 2021

Жылқы еті түсіңе кіреді...

Ілкіден қалған, төрт түліктің бағасын білетін арыдағы жұрттың «етті жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді» дейтін тәмсілі бар еді. Айтқандары шындыққа айналды. Қазір Көкшетаудағы орталық базарда жылқы етінің килосы үш мың теңгеден сатылуда. Екі елі қазы байлаған ту биеге 800 мың теңге сұрап тұр.

Қоғам • 21 Маусым, 2021

Жұмыс көп, жұмысшы аз

Ел ішінде «екі қолға бір күрек таба алмай отырмыз» деген желеу жиі айтылады. Шынымен әркім ырзығын табатын жұмыс орны жоқ па? Осы тақырыпты қаузап зерделегенімізде, облыста 4 мыңнан астам, ал облыс орталығының өзінде 1 мыңнан астам жұмыс орнының бос тұрғандығын білдік. Демек жұмыс көп, жоғы – ынта мен ықылас.

Қазақстан • 21 Маусым, 2021

Ауылдастарын ажалдан арашалаған азамат

Екі бірдей адамды қызыл жалын – анық ажал аузынан арашалап аман алып қалған ауыл мұғалімі өзінің осы бір іс-әрекетін ерлік деп есептемейді. Әншейін адам­гер­шілік парыз. Қамырдан қыл суырғандай суыртпақтап сұ­расаң да оқыс оқиға, көзсіз ба­тылдық туралы тіс жарып айта бермейтіні бар.

Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Алға ұмтылған Ақмола

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясын өткізді.

Руханият • 18 Маусым, 2021

Туған жерден топырақ бұйырды

Облыс орталығындағы Даңқ аллеясында өткізілген «Ерлікке тағзым» атты акция барысында Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін от кешкен жауынгерлердің рухына тағзым етілді.

Туризм • 17 Маусым, 2021

Көркіне Зерендінің көзің тоймас...

Үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдер мен қолдың саласындай ақ қайыңдар, мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген көрікті Көкше өңірінің құйқалы бір пұшпағы – табиғаттың зергер қолымен зерленген, жылдың қай маусымында да он бесінде толған айдай толықсып жататын Зеренді аймағы.

Аймақтар • 16 Маусым, 2021

Жүрек жылуы жан жадыратады

Өңір «сары аймақтың» санатына кіргенімен, жомарт жандар қамқорлықты қажет ететін адамдарға қол ұшын созып, қолтығынан демеуді тоқтатқан жоқ. Жер-жерде жасалып жатқан ізгілікті шаруаны естігенде көңілің гүлдеп, жаныңның жадырап қалатыны бар.

Өнер • 15 Маусым, 2021

Қылқалам ұшындағы кеңістік

Қалам құдіретімен өнерсүйер қауым­ның ыстық ықыласына бөлен­ген белгілі суретші Бектас Кә­ріммен аудандық мәдениет үйін­де жолықтық. Шеберлік сағатын өткізіп жатқан сәті. Қамырдан қыл суырғандай мипаздап баяндайды. Бәлкім шын өнер дәл осындай шынайылықты қажет ететін шығар.