
Медицина • 19 Ақпан, 2020
Алматыда коронавируске қарсы іс-қимыл қалай жүріп жатыр?
Еліміздегі ең алып мегаполистің тұрғындары қала әкімімен кездесуде шаһар жұртын алаңдатқан маңызды мәселелерді тілге тиек етті.
Үміт • 19 Ақпан, 2020
Алматыда 13 мың орынды 8 мектеп салынады
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде мектептегі орын тапшылығы мәселесі кеңінен айтылды. Әсіресе бұл проблема Алатау ауданындағы «Рахат» ықшамауданына тиесілі. Әкімнің айтуынша, оқу жылы басталғанға дейін 2021 жылы МЖӘ аясында 12 900 орынды 8 мектеп салу жоспарлануда. Бұл 8 мектептің біреуі «Рахат» ықшамауданында ашылады. 2020 жылдың өзінде оқу жылының басына қарай 1800 орынды 2 мектеп, қолданыстағы мектептерге 2017 орынды 5 қосымша құрылыс салынатын болады.
Экономика • 19 Ақпан, 2020
Алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие алады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде газдандыру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2020
Алматыда құрылыс қарқынды жүріп жатыр
Алматы қаласында Әлеуметтік Құрылыс және рекреациялық аймақтарды қалпына келтіру үшін жер тапшылығы мәселесі шешілді деуге болады. Алматы қаласының меншігіне 383,5 га жер қайтарылған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есепті кездесуі барысында хабарлады.
Экономика • 19 Ақпан, 2020
Алматы қаласында жол жүру тарифі өспейді
«Біздің мақсатымыз – жол жүру тарифтерінің өсуіне жол бермеу». Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде осылай деді. Шаһарда әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көліктердің бағыттары әкімдікпен қосымша субсидияланатынын болады.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Алматылық жастар үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленді
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena көпсалалы кешенінде өтіп жатқан тұрғындармен есептік кездесуінде мәлімдеді.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2020
Алматы әкімінің есептік кездесуі басталды
Дәл осы уақыттарда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шаһар тұрғындарымен есептік кездесуі өтіп жатыр. Дәстүрлі жүздесу алғаш рет 3200 адамға арналған «Халық Арена» көпсалалы орталығында өтуде.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
Дәл осылай аталған айрықша көрме Чехиядан Алматыға келді. Көздің жауын алатын сан алуан кәдесыйлар кәдімгі шыныдан жасалды дегенге сену қиын. Түрлі формада қалыпталып, әйнекпен әшекейленген әсем туындылардың тасасында шыны шеберінің толағай еңбегі жатыр.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
Офицерлерге арналған арнайы курс жалғасуда
Алматы қаласындағы Радиолектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ҚК офицерлерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырудың жоспарлы курстары жүріп жатыр.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық белсенділермен кездесуі барысында «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» жаңа заң жобасының тұжырымдамасын көпшіліктің талқылауына ұсынды. Аталған заң аясындағы маңызды мәселелер қаузалған басқосуға Алматы қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.