Taza.kz
Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1593 материал табылды

Қоғам • Бүгін, 12:25

Қаһарманды кімдер тасада қалдырды?

Жұрт Жеңіс күнін жабыла тойлап жүргенде, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы тұрған үйдің қабырғасындағы ескерткіш тақтаның аянышты халге түсуі тарихқа құрметпен қарайтын азаматтарды ашындырған еді. Тұрғын үй қабырғасына ілінген мемориалды тақта бірінші қабатта орналасқан коммерциялық нысанның тасасында елеусіз қалған. Дүкеннің қосалқы шатыры қалқалап қалған батыр бейнесі ұмыт бола бастаған ба?

Білім • 30 Сәуір, 2026

Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды

Соңғы жылдары елімізде ғылым мен жоғары білімді дамыту мақсатында жетекші шетелдік университеттермен серіктестік белсенді нығайып келеді. Осы орайда Алматыда халықаралық деңгейдегі Innotech университеті ресми түрде есік ашты. Бұл жоба Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрме • 27 Сәуір, 2026

Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды

Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Бір аспан астында» атты халықаралық заманауи өнер көрмесі өз жұмысын бастады. Ауқымды мәдени жоба әлемнің түкпір-түкпірінен келген суретшілердің басын қосып, өнердің шекарасыз кеңістігін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрме • 17 Сәуір, 2026

Қылқаламдағы қала тынысы

Отандық суретшілер үшін іргелі өнер кеңістігіне айналған «Ұлар» галереясында белгілі қылқалам шебері Евгений Фридлиннің жеке көрмесі есік ашты. Кенеп бетіне майлы бояумен жағылған үздік шығармалар көрерменге Алматы көшелерімен серуендеп жүргендей әсер қалдырады.

Жәдігер • 16 Сәуір, 2026

Жұбановтан қалған жәдігер

Ұлттық орталық музейде «Ахмет Жұбанов: дәуір үні» деп аталған көрме ашылды. Тағылымды іс-шара көрнекті компози­тордың 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Руханият • 14 Сәуір, 2026

Әдебиеттің бүгінгі бағдары сараланды

Алматыдағы Ұлттық кітап­хана төрінде Жазушы­лар одағының әдеби жыл қоры­тындысы өтті. Ұлт әдебиетінің жыл ішіндегі табысы сара­ланған басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақы­рылған қаламгерлер қауымы қатысып, әдеби үдерістің бүгінгі тынысын бағамдады.

Қоғам • 14 Сәуір, 2026

Уақытпен үндескен радио

Парасат ордасы Ұлттық кітапханада «Шалқар» радиосының 60 жылдық мерейтойына арналған тағылымды жиын өтті. 1966 жылдың 1 қаңтарында кешкі сағат 19.00-де дауылпаз диктор Әнуарбек Байжанбаевтың хабарлауымен әуе толқынына шыққан «Шалқар» бағдарламасы уақыт бедерінде ауқымын кеңейтіп ұлттық радиоға айналған еді. Тәулігіне 18 сағат бойы толықтай қазақ тілінде хабар тарататын радио ұлттық ақпарат кеңістігінде өз орнын қалыптастырған іргелі ұжым ретінде үздіксіз қызмет етіп келеді.

Қоғам • 10 Сәуір, 2026

Уақытпен үндескен радио

Парасат ордасы Ұлттық кітапханада «Шалқар» радиосының 60 жылдық мерейтойына арналған тағылымды жиын өтті. 1966 жылдың 1 қаңтарында кешкі сағат 19.00-де дауылпаз диктор Әнуарбек Байжанбаевтың хабарлауымен әуе толқынына шыққан «Шалқар» бағдарламасы уақыт бедерінде ауқымын кеңейтіп ұлттық радиоға айналған еді. Тәулігіне 18 сағат бойы толықтай қазақ тілінде хабар тарататын радио ұлттық ақпарат кеңістігінде өз орнын қалыптастырған іргелі ұжым ретінде үздіксіз қызмет етіп келеді.

Көрме • 10 Сәуір, 2026

Қола дәуірінен жеткен қазына

Алматыда Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» атты тағылымды көрме ашылды. Ұлттық орталық музей мен Ә.Марғұлан атындағы Археология институты бірлесе ұйымдастырған іс-шара көрерменді қазақ археологиясының қалыптасу шежіресімен таныстырады.

Саясат • 10 Сәуір, 2026

Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері

Алматы қаласында материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету мәселелеріне, сондай-ақ 2003 жылғы Конвенцияны іске асыру барысына жүргізілген ортамерзімді бағалауға арналған ұлттық дөңгелек үстел жиыны өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ЮНЕСКО Хатшылығының, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, сарапшылар қауымдастығы мен еліміздің өңірлерінің өкілдері қатысты.

Яндекс.Метрика