Экология • 16 Сәуір, 2019
Алматыда қала тазалығын қадағалаудың жаңаша жолы іске қосылды. Тың тәсіл көп ұзамай жемісін беруге тиіс дейді мамандар. Неге десеңіз, бұдан былай әкімдердің жұмыс рейтингі тікелей аудан аумағының тазалығына байланысты бағаланады. Енді аудан басшылары жерасты және жерүсті өткелдерінің тазалығы мен жөнсіз жарнамалар жарияланған аялдамалар үшін де жауап беретін болады.
Сайлау • 12 Сәуір, 2019
Аймақтар • 12 Сәуір, 2019
Алматыда 460 су жаңа автобус жолға шығады
Мегаполисте көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту мен қаланың бағыт жүйесін ұлғайту ісі жалғасуда. Биылғы жылы тасымалдаушылар тағы 460 жаңа автобустар алуды жоспарлап отыр.
Саясат • 12 Сәуір, 2019
Алматы әкімі АҚШ Елшісімен кездесті
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі Уильям Мозермен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Әдебиет • 12 Сәуір, 2019
Алматыда жазушы Бибігүл Иманғазинамен кездесу өтеді
17 сәуір күні сағат 12.00-де Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Тауқымет» романының авторы Бибігүл Иманғазинамен кездесу өтеді.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2019
Алматы метро бекеттерінің бірінде ақысыз WI-FI іске қосылды
Уақыт үрдісіне сай қазір өмір ағысын ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Кез-келген жерде жоғары жылдамдыққа ие мобильді интернет болса құба-құп. Алматылықтарды қуантқан жақсы жаңалықтың бірі шаһардағы метро бекеттерінде тегін WI-FI іске қосылғаны туралы ақпарат. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2019
Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жарияланды
Күннің күрт жылынуы ықтималдығына байланысты Алматының таулы аумақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар. Осыған орай, тұрғындар мен қала қонақтарына тау бөктеріне шығуға қатаң тыйым салынды.
Қоғам • 12 Сәуір, 2019
Смағұл Елубай: Ел ертеңіне елеңдеген әрбір азамат сайлауға баруы керек
Қалың көпшілік, жалпы Қазақстан халқы сайлау қашан болады деп елеңдеп жүрген еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өткізу туралы үндеуі елдің ішін күбірлеткен көптеген сұраққа нүкте қойды. Өз басым сайлаудың ерте өткені дұрыс деп білемін. Оның себебі, қанша айтқанменен халық болып сайлаған мемлекет басшысының беделі, оның өзіне деген сенімі берік болады. Екінші жағынан өзі сайлаған басшының соңына халық ереді, қолдайды. Сөйтіп екі жақтың бір-біріне деген үйлесімі, ынтымағы бекиді. Бұл сөзсіз Президент сайлауы тәрізді ұлыстың ұлы шарасының қаншалықты маңызға ие екенін көрсетеді.
Руханият • 11 Сәуір, 2019
Қытай әдебиетінің жауһарлары қазақ тіліне аударылды
Қазақстандағы «Ан Арыс» баспасы осыдан екі жыл бұрын, "Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында Қытай Халық Республикасының Ұлттар Баспасымен тығыз әріптестік байланыс орнатып, әдеби аударма бағытында бірлескен жобаны қолға алған болатын.
Қоғам • 10 Сәуір, 2019
Қаламгерлер мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткенін қолдайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 маусым бүкілхалықтық президенттік сайлау өткізу туралы мәлімдемесі мемлекет үшін саяси-әлеуметтік маңызды қадам деп баға берген зиялы қауым өкілдері Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағында бас қосып, ел тарихындағы елеулі оқиғадан қаламгерлер қауымы да қалыс қалмайтынын жеткізді.