Banner
Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
194 материал табылды

Тұлға • 01 Қараша, 2023

Дәуір шежіресін жасаған шебер

Саналы ғұмырын қазақ фотожур­налистикасының өрістеуіне арнаған Сайлау Пернебаевтың есімі өз замандастарының бүтін бір шежіресін жасаған айтулы ше­бер ретінде аталатыны анық. Қас-қағым сәтті мәңгілік тарихқа айналдырған майталман маманның өмірге келгеніне биыл 85 жыл толып отыр. Жуырда фотогердің «Ақ пен қара» деп аталған сирек суреттер мен ол жайында жазылған естеліктер топтастырылған жи­нағы жарық көрді. Әке мұрасын жұртшылыққа жеткізіп, жинақтың шығуына мұрындық болған ұлы Ер­бол Сайлауұлын және аталмыш еңбекті құрастырған шәкірті, бел­гілі фотожурналист Асылхан Әб­дірайымұлын әңгімеге тартқан едік.

Руханият • 30 Қазан, 2023

Бала көңілдің бағбаны

Бала табиғатын танып, бүлдіршін­дердің жүрек лүпілін дөп басатын бірден-бір басылым болса ол, шүбәсіз – қазақ балалар әдебие­тінің атасы атанған көрнекті қалам­гер Мұзафар Әлімбаев негізін қала­ған «Балдырған» журналы. Мұ­зағаңның есімімен егіз аталатын журналдың жарық көргеніне биыл 65 жыл толса, басылымды 30 жылға жуық басқарып, ру­ханият көгіне алып шыққан Мұ­зафар Әлімбаевтың ғасыр тойы. Осыған орай, Алматыдағы ұлт­тық кітапханада «Мұзафар Әлім­баев және «Балдырған» журналы» атты ғылыми конференция өтіп, мазмұнды шара ән мен жыр асқақтаған рухани кешке ұласты.

Қоғам • 18 Қазан, 2023

Тоз-тозы шыққан тағдырлар

Жайлы үй, жылы төсекте алаңсыз жатып, ымырт түссе, әр бұрыш­ты сағалап пана іздеген қараусыз жанның кезбе ғұмыры туралы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Қоғамда сан қилы себеппен мұндай мүшкіл күйге түскендер аз емес. Бірі ерік-жігерін ішімдік пен есірткіге тәуелді етсе, бірі – туыс­тан таяныш таппай, ет жақындары теріс айналған тағдырлар.

Табиғат • 17 Қазан, 2023

«Алтын Емел» қорығында

Алатау алабы мен Жетісу жерін құландар ежелден мекен еткен деседі. Бұл аймақтардағы бірді-екілі орындардың құлан атауымен астасып жатуы тегін емес. Алайда өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін құлансыз қалған құла дала жүздеген жылдар бойы құлазып жатты.

Руханият • 10 Қазан, 2023

Ұлт тарихын түгендеген

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби мұрағаттанушы Амантай Сатаев ұлт тарихын зерделей жүріп, бабалар ізін, халқының қасиет-қалыбын әдеби мұраларына да арқау етті. Бір басына сан түрлі санаткерлік тоғысқан тағылымды тұлға көзі тірі болса тоқсан жасқа толар еді. Көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішев: «Архивтерде кездесе бермейтін маңызды мағлұматтар Амантайдан табылады», деп ағынан жарылған халқының аяулы перзенті жарына қалдырған бір өсиетінде: «Сен түңілме! Заман өзгереді, әлі-ақ зердесі ояу жастар келеді. Шаңын қағып алып барсаң менің жазғандарымның бәрі – қазақ халқын бір сатыға көтеретін дүниелер», деп толғаныпты. Амантай ағаның рухы сіңген киелі шаңыраққа ат басын бұрып, жары Гүлжан САТАЕВАМЕН әңгімелесіп қайттық.

Алматы • 18 Қыркүйек, 2023

Этносаралық үйлесімнің жаңа деңгейі

Алматыдағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» тақырыбында конференция өтті. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты ел халқына Жолдауы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ сарапшы ғалымдар мен бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.

Құрылыс • 15 Қыркүйек, 2023

Заңсыз құрылыстың зардабы

Ел аумағындағы ауқатты кәсіпкерлер мен белді құрылыс компаниялары Алматы қала­сынан тұрғын үй кешендерін салуға айрықша құлшыныс танытып отыр. Дәл осы күні шаһардың 823 нүктесінде ауыр құрылыс нысандарының жұмысы қызқыз қай­нап жатқан болса, оның 155-і біз айтып отырған тұрғын үй кешені. Сұранысқа сай құ­рылыстың қарқын алғаны жақсы-ақ, алайда сапаға салғырт қарайтын компа­ниялардың саны азаймай тұр.

Әскер • 19 Маусым, 2023

Әуе қорғанысының әлеуеті

Мықты әскер – мемлекет тірегі. Ел тыныштығын қалтқысыз қадағалау – айбынды әскерге жүктелген жауапты міндет. Осы бір жауапты миссияның шетінде жүрген әр құрылымның өзіне тән ерекшелігі бар. Газетіміздің бүгінгі санында биыл құрылғанына 31 жыл толып отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қарасты Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Нұртас Қабақовпен өрбіген әңгімемізді ұсынып отырмыз.

Суицид • 02 Мамыр, 2023

Жас өрім және өмір дағдарысы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше әлемде жыл сайын жасөспірімдердің 10 пайызы өз өміріне қол салып, соның 60 мыңнан астамы көз жұматын көрінеді. Технология өрлеген жаңа мүмкіндіктер дәуірінде жан түршігер жағдайлар одан бетер жиілеп, статистикалық деректер жаға ұстатады. Елімізде бұл проблема тіптен өршіп тұр.

Қоғам • 02 Наурыз, 2023

Қаламақысы үзілмейтін шығарма

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Меценат» әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті. Тәуелсіз бәйгеде топ жарған дәл осы романы үшін автор өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сый­ақы алып отыратынын бұған дейін жазған едік. Ұлт әде­бие­тіне жаңалығымен енген шығар­маның таныстырылымына зия­лы қауым өкілдері қатысты.

Яндекс.Метрика