Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары елімізде жұмыс барысындағы жазатайым оқиғалар жиілеген. Тосын жайлардың басым бөлігі құрылыс саласына тиесілі. Өткен жылы Алматыда өндіріске байланысты 59 оқиға тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған. Ал 26 азамат ауыр жарақат алып, еңбек қабілеті төмендеген.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2023
Әлемді үйлестіретін қуатты күш – өнер құдіреті. Себебі өнер мен шығармашылықтың адамзатқа ортақ жалғыз тілі бар. Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде корей және қазақ суретшілерін бір алаңға жинаған «Жер планетасына тағзым» атты сурет көрмесінің куәсі болып қайттық.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2023
Алматыда Болат Аюхановқа арналған көрме ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қазақ балет өнерінің хас шебері, педагог, балетмейстер Болат Аюхановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Менің балетім» атты көрме ашылды.
Алматы • 19 Қыркүйек, 2023
Алматыдағы білім ошақтарында қыркүйектің орта шенінен бастап ана тілін ардақтауға шақыратын айшықты жобалар салтанат құрады. «Тіл мерекесі» қарсаңында үзбей өтетін дәстүрлі шаралар шоғыры биыл да жалғасын тапты. Қаланың Алатау ауданындағы №26 орта мектепте өткен «Менің тілім – ұлы дала рухы» атты рухани-танымдық кештің куәсі болып қайттық.
Алматы • 18 Қыркүйек, 2023
Этносаралық үйлесімнің жаңа деңгейі
Алматыдағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» тақырыбында конференция өтті. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты ел халқына Жолдауы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ сарапшы ғалымдар мен бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.
Құрылыс • 15 Қыркүйек, 2023
Ел аумағындағы ауқатты кәсіпкерлер мен белді құрылыс компаниялары Алматы қаласынан тұрғын үй кешендерін салуға айрықша құлшыныс танытып отыр. Дәл осы күні шаһардың 823 нүктесінде ауыр құрылыс нысандарының жұмысы қызқыз қайнап жатқан болса, оның 155-і біз айтып отырған тұрғын үй кешені. Сұранысқа сай құрылыстың қарқын алғаны жақсы-ақ, алайда сапаға салғырт қарайтын компаниялардың саны азаймай тұр.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қала күні қарсаңында алматылық екі мыңнан аса жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Айтулы мерекені шаһар әкімдігінің қолдауымен Тоғызқұмалақ қауымдастығы ұйымдастырды.
Мәдениет • 11 Қыркүйек, 2023
Ауыздан-ауызға, аңыздан-аңызға тарап, бүгінге жеткен жыр-дастандарда ұлттық тәрбиенің мәйегі жатыр. Десе де, таңды таңға ұрып, құмарыңды қандыра жырлаған от ауызды жыршылар келмес күннің елесінде қалғандай көрінетіні бар кейде. Өнердің өң-сипаты өзгеріске ұшыраған бүгінгі уақытта қолына домбыра ұстап, баба мұрасын жалғаған жыр-терме жанашырларын көп ішінен көрсек, ерекше қуанамыз. Мұндайда «ел іші – өнер кеніші» деген тіркес еріксіз еске түседі.
Алматы • 11 Қыркүйек, 2023
Алматының Түрксіб ауданына қарасты «Қайрат» шағын ауданының тұрғындары көгілдір отыннан тарыққандарын айтып, жауаптыларға жанайқайын жеткізген еді. Мәселенің мәніне үңілген прокуратура өкілдері аталған жайдың айналасында заңға томпақ келетін бірқатар келеңсіздікті анықтады.
Музей • 06 Қыркүйек, 2023
Музей төрінен орын алуға тиіс маңызды жәдігерлердің белгілі бөлігі ауқатты адамдардың жеке коллекцияларында сақталып, тіпті кейде көлеңкелі айналымда қолдан-қолға өтіп жүре беретіні белгілі. Күні кеше Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейдің қоры осындай тарихи маңызы зор 360 жәдігермен толықты.