
Білім • 30 Қыркүйек, 2021
Биыл «Жыл мұғалімі» ұлттық сыйлығына 300 үміткер өтінім білдірген. Олардың арасынан оқ бойы озған он педагог соңғы сынға жолдама алған болатын. Финалдық кезең Алматы қаласында өтіп, ұстаздар бәсекесінің барлық талабына сай деп танылған алматылық Алла Буренкова жоба жеңімпазы ретінде 4 млн теңге сыйақыға ие болды.
Руханият • 28 Қыркүйек, 2021
Алматыда жетінші жыл қатарынан үзбей ұйымдастырылып келе жатқан KITAPFEST фестивалі биыл да ерекше форматта өрбіп, білімнен ойазық іздеген оқырманға 5 мың кітап тегін таратылды.
Экология • 23 Қыркүйек, 2021
Сарапшылар: Ең нашар экологиялық сценарий қазірдің өзінде орын алуда
Сарапшылар климаттық өзгерістердің теріс салдары – болашақтың мәселесі емес, бұл біздің бүгінгі күніміз деген пікірде. Температураның көтерілуі, апатты орман өрттері, құрғақшылық, атмосфераға қауіпті шығарындылар – бұл жаһандық мәселелер, оларды шешу үшін мемлекеттер тез арада күш біріктіруі қажет. Еуразиялық медиа форум аясында экологиялық сессия осы мәселелерге арналды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 23 Қыркүйек, 2021
Орыстың әйгілі суретшісі Николай Рерих шығармалары алматылық көрерменге құшақ ашты. Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінде «Рух шыңдары» деген атаумен салтанат құрған көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2021
2 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйлады
Биыл маусым айында Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Алматының екі миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін айтқан едік. Қала күні алты бала өсіріп отырған бұл отбасы үшін қуанышты күнге айналды. Аяланың ата-анасына су жаңа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды.
Медицина • 21 Қыркүйек, 2021
Тың тәсілдердің тиімді тұсы көп
Уақыт талабына сай дәрігердің білім-білігі мен кәсіби деңгейі үнемі жетіліп, саладағы тың жаңалықтармен бірге толысып отыруы тиіс. Бүгінгі таңда симуляциялық білім беру орталықтары білім алушыға өз бетінше талап етілетін процедураларды орындауға мүмкіндік беретін виртуалды және роботталған манекендерді пайдалана отырып, жас мамандардың практикалық білімі мен дағдыларын қалыптастыруға зор септігін тигізіп отыр.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021
Француз жиһанкезі Алматыға велосипедпен келді
Алматылықтар Франциядан велосипедпен келген қонақты қарсы алды. Жиһанкездің аты-жөні – Лоран Мае. Көлдер мен шөлдерді басып өтіп Алматыға аман жеткен ол Францияның Ренн шаһарынан қос дөңгелекті серігіне мініп мамыр айында шығыпты.
Тәуелсіздік • 17 Қыркүйек, 2021
Алматыда қала күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасөспірімдер арасында тұңғыш рет «Қобыз сарыны» республикалық байқауы өтті.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021
Биыл Еуразия даласын қанға бояған Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толып отыр. Фашистік Германия шабуыл жасағанда ешкім бұл соғыс бақандай төрт жылға созылып, Кеңес Одағының қарамағында өмір сүріп жатқан 26 миллион адамның өмірін қияды деп ойламады. Майдан даласына Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам аттанып, олардың 602 мыңы елге оралмаған.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2021
Тамақ өндірісіндегі табысты жоба
Қарағандыда Қазақстан мен Орталық Азиядағы тамақ өнеркәсібіне арналған май өнімін жетекші өндірушілердің бірі болып табылатын «Eurasian Foods» АҚ кәсіпорнында жабдықты жаңартудың кезекті кезеңі аяқталады. Тек соңғы бес жылдың ішінде Eurasian Foods Corporation холдингінің құрамына кіретін кәсіпорын өз өндірісін жаңартуға 4,7 млрд теңгеден астам инвестиция салған, деп жазады Egemen.kz.