
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021
Алматыда екі мыңнан астам әлеуметтік қызметкердің жалақысы 50%-ға өсті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қабылданған қаулыға байланысты, Алматыда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2091 штат бірлігі бойынша жалақы мөлшері 50%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021
Алматылықтар сақтандыру жарнасын қалай төлейді?
Бүгінгі таңда Алматы тұрғындарының 82%-ы сақтандырылған. Яғни олар медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді кедергісіз пайдалана алады. Ал, шұғыл медициналық көмек Қазақстанның барлық тұрғындарына статусына қарамастан көрсетілуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 13 Қаңтар, 2021
Суретші айналасынан сезім қылын шертетін нәзік иірім іздейді. Тіршілікке арай сыйлаған әсем гүлдер оның кенебінде тіптен құлпыра түседі. «Раушан гүлі», «Бақшадағы көктем», «Қашқаргүл мен зәйтүн» секілді туындылар Светлана Какоткинаның ең таңдаулы жұмыстары. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде қылқалам шеберінің «Өмір иірімі» атты көрмесі ашылды.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021
Ауасы айналмайтын орындар індет ошағының негізгі көзі болып отыр
Профессор Ахметжан Сүгірәлиев, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтып, ағзаны қорғау үшін санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021
Алматылықтарды жылумен қамту қай деңгейде?
Жауаптылардың сөзіне сенсек, шаһарда қоғамға қажет барлық нысандар мен әлеуметтік объектілер 100%-ға жылуға қосылған әрі жүйелі жұмыс істеп тұр.
Сайлау • 10 Қаңтар, 2021
Саяси науқан кезінде жалған ақпарат тарауы таңсық емес - Қазыбек Шайх
«Аманат» азаматтық платформасы штабының жетекшісі Қазыбек Шайх Алматы қаласының жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы кезінде жалған ақпараттың таратылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021
Секен Тұрысбеков: Ел тарихындағы елеулі сәт
Көптен күткен сайлау күні де келіп жетті. Осынау тағдыршешті таңдауда жұрт адаспаса екен, өз даусын нағыз мемлекетіміздің жанашырына берсе екен деген тілегім бар.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021
Мұрат Жұрынов: Мен өз таңдауымды жасадым
Мен Көктөбе жақта орналасқан сайлау учаскесіне барып, өз даусымды бердім.
Сайлау • 10 Қаңтар, 2021
Бауыржан Жақып: Сайлау әділ өтеді деп сенемін
Алматыдағы 242 сайлау учаскесіне барып бала-шағамызбен дауыс бердік. Сайлау әділ өтеді деп сенемін. Осы саяси науқаннан үлкен үміт күтіп отырмын. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2021
Алматы: Артық бюллетень салынғаны туралы ақпарат жалған
Алматы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова қалалық учаскелердің бірінде сайлау жәшігіне бюллетеньдерді артығымен салу туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Еgemen.kz