
Оқиға • 13 Қараша, 2020
Алматыдағы Ғылым ордасында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиографиясының тұсаукесері өтті. Тағылымды тұлғаның қайраткерлік жолын арқау еткен туындының таныстырылымына қабырғалы қаламгерлер мен белгілі ғалымдар жиналды. Жөні бөлек жинақ Елбасының Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланғанына 25 жыл толуына орай жарық көріп отыр.
Аймақтар • 12 Қараша, 2020
Алматының Бостандық ауданында әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамуда?
Осы және әлеуметтік инфрақұрылымның басқа жобалары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Жанар Сәдуақасова айтты.
Сұхбат • 11 Қараша, 2020
Надежда Лушникова: Арманы жоқ адаммын
Ұлы Мұхтар Әуезов «Пәлі, қарлығаштай құйттай орыс жүрегіңе қазақ өлеңінен қандай әдемі ұя салғансың» деп сүйсінген айтыс ақыны, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Надежда Лушникова сексен жасқа толды. Өзге ұлт өкілдерінің ішінде қазақ өнерін қадірлеудің эталонына айналған ақынның арман тілегі де ұлт мұратымен үндес. «Немен айналысып жүрсіз?» деген сауалымызға «Арқа төрінде немеремді күй өнеріне баулып жатырмын» деген апамыздың ұрпақ тәрбиесі, айтыс тағылымы тұрғысындағы әңгімесін тыңдап отырып бірер сағаттың қалай өткенін де байқамай қалдық. Өрелі өсиетіне алғыс айтып, телефон тұтқасын қимай қоштастық.
Руханият • 10 Қараша, 2020
Алматыда волонтерлер аллеясы ашылды
Жасыл желекке оранған жазира қаланың әр бұрышында сан түрлі сала мамандарының қолтаңбасы бар. Жастық жалыны мен жігерін қоғам өмірін жақсартуға арнап жүрген еріктілер еккен көшеттер де бір кездері саялы бауға айналатыны анық.
Аймақтар • 08 Қараша, 2020
Алматыда бір түнде 144 нысанның жұмысы тексерілді
Адамдар жаппай жиналатын орындарға бару жұқтыру қаупін арттырады: Алматыда бір түнде 144 нысанның жұмысы тексерілді. Заңсыз жұмыс істеген 23 мекемеге шара қолданылды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Алматыда мемлекеттік қызмет "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетіледі
Алматы тұрғындары үшін мемлекеттік органдарды ашық әрі қолжетімді ету мақсатында "Сервистік әкімдіктер" жобасы жүзеге асты. Жоба шаһардың сегіз ауданын тұтас қамтыған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Қариялар мен балалар дәрігерге үйде қаралады
Дүниені дүр сілкіндірген қатерлі індет ең алдымен егде жастағылар мен балалар үшін қауіпті екені айтылып та, жазылып та жатыр. Індеттің алғашқы толқыны мұның негізсіз емес екенін дәлелдеді. Осы орайда індеттің алдын алу мақсатында алматылық қарттар мен балаларға үйде профилактикалық медициналық тексеру жүргізілетін болды.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Әлеуметтік желіні ақтара қалсаңыз, полиция қызметкерлерін келемеждейтін түрлі сарындағы материалдардан көз сүрінеді. Азаматтардың тәртіп сақшыларын телефонға түсіріп, сан түрлі сауалмен састырып, масқаралауға тырысқан жазбалары да самсап тұр. Вайн түсірген бала да, әзіл театрларының әртістері де полицияны әлі келгенше әжуалап қалуға неге құмар? Бұл қоғамның осы бір мамандық иелеріне деген ықыласының азайғанын аңғарта ма, жоқ әлде шынымен де полиция ел сеніміне селкеу түсіріп жүр ме?
Аймақтар • 05 Қараша, 2020
Алматыда арық жүйесін ретке келтіру аяқталды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев төрағалық еткен аппараттық кеңесте арық желілерін түгендеу нәтижелері қаралды, оның қорытындысы бойынша арықтарды абаттандыру және жаңбыр суларын ағызу бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2020
Алматылық бизнес нысандары сақтандыру жарнасынан босатылды
Шағын және орта бизнес нысандары жыл соңына дейін медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.