
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Биылғы 5 айда су көлігінде 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
ИИДМ көліктік бақылау органдары ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің теңіз порттарына кірген теңіз кемелеріне барлығы 42 тексеру жүргізген. Оның ішінде Қазақстанның 3, Ресейдің 26, Әзербайжанның 5, Иранның 8 кемесі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 12 Маусым, 2020
«Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстаған бір жыл ішінде бұл мәселені басты бағдар ретінде нысанаға алды. Бұл ретте халық пен биліктің жақын болуы, шенеуніктердің ашықтығы, баспасөзге, шерулерге қатысты түрлі кедергілердің алынып тасталуы секілді бірқатар мәселелерді жекелей атауға болады.
Сұхбат • 12 Маусым, 2020
Болат Шарахымбай: Аңызы жоқ әдебиет, шері жоқ поэзия алға шықты
«Алпысқа келдіңіз, ақсақалдыққа аяқ бастыңыз» дейді екен бұрынғылар. Шындығында, ғұмырдың бір кезеңін артқа тастап, ақсақалдық жасқа аяқ басқан әрбір саналы азаматты «мен осы жасқа дейін не бітірдім, не істедім, ұлтымның бір кәдесіне жарай алдым ба?» деген ойлар мазалары хақ. Бұл тұрғыдан келгенде, қазіргі қазақ поэзиясының жалауын жоғары ұстап жүрген белгілі ақын, көрнекті көсемсөз шебері Болат Шарахымбайдың жүзі жарқын. Осы уақыт ішінде шайырдың қаламынан өзгеше өрнек, тосын ой, жаңаша леппен өрілген «Рухтың оралуы», «Қазығұрт ғазалдары», «Сұңқартас пен ақынтас», «Туған жерге туың тік», «Көрмейін десем, көзім бар», тағы басқа да ұлт руханиятының сүбелі қазынасына айналған кітаптар туды. Осындай қомақты еңбекпен алпыстың белесіне көтеріліп отырған қаламгерді әңгімеге тартқан едік.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Б.Сағынтаев Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерін тексерді
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Алмалы ауданындағы жаңа тұрғын кешендерін аралап көрді, қолжетімді әлеуметтік нысандар салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Алматы әкімі Алмалы ауданының абаттандырылуымен танысты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" бағдарламасы және "Бюджетке қатысу" жобасы аясында қолға алынған Алмалы ауданының коғамдық кеңістіктерін абаттандыру барысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 09 Маусым, 2020
Қиын сәтте қоғамға қол ұшын созу әрбір ұжымның борышы
Көптеген компаниялар карантин кезеңінде қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Алайда, кейбір ұжымдарда онлайн режіміндегі жұмыс тиімді ұйымдастырылғандықтан, оны тағы бірнеше ай бойы жалғастыру туралы шешім қабылданды. Осындай қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы "Такеда Қазақстан" ЖШС қызметкерлер құрамымен жұмыс жөніндегі директоры ("Такеда Фармасьютикал Компани Лимитед" жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілі) Айжан Кенже ханыммен әңгімелескен едік.
Білім • 05 Маусым, 2020
Алматыда ҰБТ алты жоғары оқу орнында өткізіледі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен оның орынбасары Ержан Бабақұмаров видео-конференциялық байланыс режімінде жоғары оқу орындарының ректорларымен алдағы Бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу мәселелері бойынша жиналыс өткізді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Алматыны жаппай дезинфекциялаудың екінші кезеңі басталады
Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық кеңістіктерді дезинфекциялау күшейтілді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Алматылықтар үшін 56 мың бос жұмыс орны қолжетімді
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов халықты жұмыспен қамтуды жақсарту барысында атқарылып жатқан шаралар туралы жан-жақты айтып берді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Кәсіпкерлерді несиелендірудің жеңілдетілген механизмдері қалай жұмыс істеуде?
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалының директоры Светлана Назарюк кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелеу тетіктері мен шарттары туралы айтып берді.