
Әдебиет • 21 Желтоқсан, 2019
«Арпалыс» кітабы қайта басылды
Орыс жазушысы Александр Бектің таңдаулышығармасының басты кейіпкері – қазақ халқыныңдаңқты ұлы Бауыржан Момышұлы. Осы шығармада аты аңызға айналған қолбасшыныңұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті тереңашылып, көркем шешімін тапқан. Оқырманға қайтажол тартқан туындының тұсауын Қазақстанныңхалық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтыңлауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов кесті.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2019
Алматыда отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті
Шарада кондитерлік және шоколад, ыдыс, мата мен кілемдер көпшіліктің назарына ұсынылды. Көрмені тамашалауға келгендердің арасында Ресей, Қытай және Еуропа елдерінің компания өкілдері бар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019
Банктерге жеңілдетілген автокредит үшін тағы 5,5 млрд теңге бөлінді
Халық Банкі мен ВТБ 2 млрд теңгеден алса, Сбербанкқа – 1,5 млрд теңге бөлініп отыр. азақстанның Даму Банкі жеңілдетілген автокредит бағдарламасына қосымша 5,5 млрд теңге бөлді.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы Никольск базары тарихи маңызы бар ескерткіштер санатында жоқ
Қалалықтардың «сақтайық» деп көздің қарашығындай қорғап отырған нысандардың басым көпшілігі - орталықта орналасқан. Апта басында солардың бірі «Никольск базары сүріледі» деген мәселеге еріксіз назар аударуға тура келді. Қала әкімдігінің бұған қатысты көзқарасы 2018 жылдың басында-ақ белгілі болатын. Бірақ «қаланың ортасындағы базар сүріліп жатыр. Онымен бірге Алматының тарихы сүріліп жатыр» деген ақпарат ғаламтор айдынын кезіп кетті.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Ал басты мерекелік атрибут Астана алаңында орнатылған. Шыршаны қала тұрғындарымен бірге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұтатты.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2019
Кассалық аппарат кірісті көбейте ме, әлде...
Жұртты жұмыстың алуан түрлі сегментімен қамтып отырған сала – саудаға қатысты салмақты мәселелер жуырда Алматыда қайта қозғалды. Мегаполисте бизнес жүргізудің жай-күйі шағын және орта бизнес өкілдерінің басқосуында талқыланды.
Әдебиет • 18 Желтоқсан, 2019
Бүгін «Достық үйінде» «Өнер мұраты» атты кітаптың тұсаукесері өтті
Бұл – белгілі күйші, ақын Талап Қараштың төртінші кітабы екен. «Екі жыр жинағы мен бір прозалық туындысын оқырман жылы қабылдаған. «Өнер мұраты» кітабына әр жылдары мерзімді басылым беттерінде жарық көрген сұхбаттар топтастырылған. Кітапта белгілі тұлғалар ағынан жарылып, өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.
Руханият • 17 Желтоқсан, 2019
Димаш Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады
Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы 90 жас мерейтойымен құттықтады.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Бүгін Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап ас беріліп жатыр
Қаһармандарымызды еске алуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қоғам қайраткерлері, дін өкілдері, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен олардың туысқандары қатысты.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Алматылықтар бірегей ғимараттардың тізімін толықтырып жатыр
Ғимараттарды тізілімге енгізу туралы түпкілікті шешімді азаматтар желтоқсан айының соңында электронды дауыс беру арқылы қабылдайтыны кеше белгілі болды.