
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» 50 жылдан соң қайта сахналанды
«Бұл туынды 70 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған еді. Ал кеше әкем театрында тұңғыш рет сахналанған қойылымның тұсаукесеріне келгендер сыймай қалды» деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 3 857 отбасы қоныс тойын тойлады
Осы жоба аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шамамен 5 000-дай несиелік өтінімді қабылдады. Әсіресе, «Бақытты отбасы» бағдарламасына Нұр-Сұлтан (752 өтінім), Алматы (580 өтінім) және Ақтөбе (495 өтінім) облыстарының тұрғындары белсенді қатысып жатыр.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Түркітанушы ғалым Асқар Егеубаевтың үйіне ескерткіш тақта орнатылды
«Ғалымға құрмет! Аудармашы, филология ғылымдарының докторы Асқар Егеубаевтың үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Қалалық әкімдік ұйымдастырған шараға суреткердің қаламдастары, туған-туыстары мен жастар қатысты» деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі баспасөз бөлімі. Ғалымды еске алу, тұрған үйіне ескеркіш белгі қою шарасы «Рухани бағдарлама» шеңберінде өтті.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда патриоттық әндер кеші өтті
Алматыда Тәуелсіздік мерекесін тойлау басталып кетті. Бүгін Жазушылар одағында «Ақ орда» республикалық қозғалысы мен «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен патриоттық әндер кеші өтті. Бұл ән кеші «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде орындалды.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматы қаласының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылды
«7 жасқа дейінгі балалар 55 орынға арналған мектепке дейінгі мекемеге қабылданады» деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019
Алматыда үздік детектив шығарма иелері марапатталды
Байқауды «Заң» медиа корпорациясы өзінің 25 жылдық мерейтой «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырған.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2019
Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды
Алматыда медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Хабижанұлының 80 жылдық мерейтойы тойланды. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019
Алматының Бас құжатының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр
Бүгін алып шаһар Алматыны өмір сүруге жайлы етуді мақсат еткен басты құжаттың соңғы нұсқасы талқыланып жатыр.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2019
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді
Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинотуынды Ставангер қаласындағы Odeon Kino кинотеатрында көрсетілді. Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Норвегия Корольдігіндегі Ставангер қаласында режиссер Джефф Веспа түсірген «Әміре» фильмі көрсетілді, деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019
Орталық музейде «Алтын орда - қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды
«Алтын орда - қазақ мемлекетінің алтын бесігі». Осындай атаумен Алматы қаласындағы Мемлекеттік Орталық музейде көрме ашылды. Шара Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойына арналып отыр. Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.