Алматы • 24 Қыркүйек, 2025
Алматыда Бағалы қағаздар орталығы депозитарийлерінің дүниежүзілік форумы басталды
Форумды ашқан Орталық депозитарийдің (KCSD) басқарма төрағасы Еділ Медеу геосаяси болжамсыздық пен өңірлік бөлшектенудің өсуіне жауап ретінде қазақстандық ұйым дербес инфрақұрылым құруға ұмтылып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 21 Қыркүйек, 2025
Сақтандыру нарығы: Кедергілер еңсеріле бастады
Сарапшылар Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығы жаңа көрсеткіштермен түйіндейтінін айтып отыр. Цифрлық сату арналарын енгізу және өнім желісін кеңейту арқасында сыйлықақылар көлемі 1 трлн теңгеден асады деген үміт бар, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Қыркүйек, 2025
Қазақстан ет экспортында неге артта қалды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында сиыр еті экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 16 Қыркүйек, 2025
Аман Төлеевтің жұбайы қазақстандықтарға алғыс айтты
Өткен аптада Ресей астанасында Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесінде Кузбасстың көрнекті губернаторы Аман Төлеев туралы деректі-көркем роман – «Тағдыр қиылысында» кітабының тұсаукесері өткені, оған 22 елдің елшіліктерінінің өкілдіктері, оның ішінде Қазақстанның Мәскеудегі «Тағдыр қиылысында елшілігінің қызметкерлері қатысқаны хабарланған болатын. Осыған дейін Аман Төлеев жайлы бірнеше мемуарлық көркем шығарма жазған автор Глеб Стафеев бұл жолы атақты жерлесіміздің өмірінің бізге белгісіз қырлары, ата-тегіне, өмір тарихы туралы қалам тартқан, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 10 Қыркүйек, 2025
Аман Төлеев есімі Мәскеуде ұлықталды
Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесінде Кузбасстың көрнекті губернаторы Аман Төлеев туралы деректі-көркем роман - «Тағдыр қиылысында» кітабының тұсаукесері өтті. Жазушы және баспагер Глеб Стафеев бұл айтулы оқиғаны Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Төлеевтер отбасының қатысуымен өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2025
Масылдық психологиясы кедейлікке алып келе ме
AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында премьер-министр Олжас Бектенов масылдық психологиясына қарсы тұру қажеттігін және қаражатты теңгерімді жұмсау үшін мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай цифрлық платформасы әзірленгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2025
Тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздарды беру ісіне өзгеріс енгізіледі
Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан деректерде салқындату кезеңінің негізгі мақсаты - қарызгерге ойластырылған шешімге уақыт беру және сол арқылы қарыз шартын асығыс жасасу ықтималдығын азайтуға басымдық беретіні айтылған. Тұтынушылық кредит беру нарығының салқындату тренді жыл аяғына дейін сақталуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Жарты жыл бұрын, жаңа Салық кодексі қабылданғанға дейін автокөліктерді жалға беретін таксопарктердің өкілдері журналистерді жинап, салықтың көтерілуіне қатысты алаңдаушылықтарын айтып берген болатын. Ал кеше журналистердің басын қосқан қауымдастық автокөліктерді жалға беру нарығы кейбір шенеуніктер айтып жүргендей, күлшелі емес екенін түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2025
Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды - Тимур Сүлейменов
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның банк жүйесінде шамамен 8 трлн теңге артық өтімді ақша жиналып қалғанын, артық ақшаның 3,5 трлн теңгеге дейінгі бөлігін, яғни 40%-дан астамын, ең төменгі резервтік талаптарды (ЕРТ) қатаңдату тетігі арқылы алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Тамыз, 2025
Ұлттық банк интервенцияның барлық кезде тиімді болмайтынын ашып айтты
Тамыз айының басында Ұлттық банк 125 миллион долларға валюталық интервенция жасады, бұл бағамды төмендетуге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.