
Бижанова 10 қазаннан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және әсіресе тауарларды бөліп-бөліп сату кезінде баға белгілеудің ашықтығын арттыруға бағытталған жаңартылған Ішкі сауда ережелері күшіне енгенін еске салды. Енді сауда кәсіпорындары сатушының өз қаражаты есебінен бөліп-бөліп төлеу ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, тауардың бір бағасын көрсетуге міндетті. Мұндай жағдайларда баға белгісінде екі құн көрсетілуі тиіс: бірден төлеу кезінде және бөліп-бөліп сатып алу кезінде.
Вице-министрдің айтуынша, бұл норма автокөлік, зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техника немесе жиһаз сияқты қымбат тауарларды сатуда ерекше маңызды, онда сатушының өзі бөліп төлеудің қаржылық тәуекелдерін көтереді. Өзгерістер баға белгілеудің ашықтығын арттыруға және тауарларды бөліп-бөліп сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Енді бағаларды ресімдеу кезінде ішкі сауда субъектілері акциялар, жеңілдіктер және сатушының өз қаражаты есебінен бөліп-бөліп сату жағдайларын қоспағанда, тауардың бір бағасын көрсетеді.
«Бұл сатып алушыға тауардың өзі үшін қанша төлейтінін, ал оны бөліп-бөліп сатып алу мүмкіндігі үшін қанша төлейтінін анық түсінуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Айжан Бижанова.
Мұндай норма тiкелей сатушылар сататын қымбат тауарлар: автомобильдер, массаж креслолары, зергерлiк және үлбiр бұйымдары, тұрмыстық техника және басқалары үшiн ерекше өзектi. Мұндай жағдайларда сатушы бөліп-бөліп төлеу бойынша тәуекелдерді өз бетінше көтереді және оларды тауар бағасында көрсетуге құқылы.
Егер әңгіме тауарларды екінші деңгейлі банктермен үйлестірілген электрондық сауда алаңдары арқылы сату туралы болса, онда бөліп-бөліп төлеуді сатушы емес, банк пен сатып алушы арасындағы қарыз шарты негізінде қарыз қаражаты есебінен банк ұсынады.
Бұл жағдайда тараптардың қатынастарын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) реттейді және кредиттік шарт барлық пруденциалдық талаптарға сәйкес келуге тиіс. Осылайша, жаңа ережелер сатушылардың өздері ұсынатын бөліп-бөліп төлеуге ғана қатысты және базарлар арқылы ресімделетін банктік бөліп-бөліп төлеуге қолданылмайды.
Бұдан басқа, кездесу барысында маркетплейстердің комиссиялары мен олар ұсынатын қызметтер тізбесіне, сондай-ақ екінші деңгейлі банктермен және микрокредиттік ұйымдармен өзара іс-қимылға қатысты мәселелер қозғалды.