«28 ілмек Астана» ұйымы бірнеше жылдан бері салмағы аз болып туған сәбилерге көмек көрсетіп келеді. Мұндай балаларға дене жылуын сақтау қиын болғандықтан, табиғи жүннен тоқылған киімдер ерекше маңызды саналады.
Берілген жіптерден еріктілер шұлық, бас киім, кеудеше және көрпелер тоқиды. Барлық бұйымдар қолмен әрі 100 пайыз жүннен жасалады.
Жанкүйерлер бұл бастама арқылы көбірек сәбиге жылу мен қамқорлық сыйлауды мақсат еткендерін айтты.
«28 ілмек Астана» клубының мүшелері акцияға қатысушыларға алғыс айтып, жобаның ерекше маңызын атап өтті.
«Жақсылықты жіп орамымен өлшеуге бола ма? Болады екен. 290 орам жіп – жүздеген жылы оқиғаның бастамасы. Жақын арада олардан шала туған сәбилерге арналған кішкентай шұлықтар, кеудешелер, бас киімдер мен көрпелер тоқылады. Мұндай балалар үшін жылу – өмір сүруге және күш жинауға мүмкіндік», деді еріктілер.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Аргентинадағы жанкүйерлері де қайырымдылық жобасын бастап, музыкалық аспаптары жетіспейтін мектептерге көмек көрсеткен болатын.
Қайырымдылық акциясы Димаш Құдайбергеннің туған күніне дейін жалғасады. 24 мамырда өнер иесі 32 жасқа толады.