Мереке • Бүгін, 15:05

Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы Қазақ елі монументі алаңында Отан қорғаушылар күніне орай үлкен плац-концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті

Таңертеңнен бастап алаңға адамдар ағылып, әскери оркестрлердің өнерін, саптық көрсетілімдерді және техника көрмесін тамашалады. Бағдарламаның негізгі бөлігінде біріккен әскери оркестрлер мен Құрмет қарауылы ротасы өнер көрсетті. Әскери қызметкерлер қарумен күрделі қимылдар жасап, жоғары деңгейдегі үйлесімділіктерін көрсетті.

робот

Концертке Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұлан мен ҰҚК Шекара қызметінің оркестрлері қатысты. Олар әскери марштармен қатар қазақ әндерін де заманауи үлгіде орындады.

Мерекелік шара барысында әскери техника мен қару-жарақ көрмесі де ұйымдастырылды. Келушілер броньды көліктерді көріп, кей техникалардың ішіне кіріп, суретке түсуге мүмкіндік алды.

робот

Көпшіліктің ерекше қызығушылығын заманауи роботтандырылған жүйелер тудырды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары өрт кезінде қолданылатын төрт аяқты Unitree B2 Fire роботын таныстырды. Сонымен бірге жаңа буындағы ұшқышсыз ұшу аппараттары да көрсетілді.

робот

Шара соңында біріккен оркестр патриоттық шығармаларды орындап, көрермендер ұзақ уақыт тарқамай, техника жанында суретке түсіп, әсерлерімен бөлісті. Көптеген астаналық үшін бұл күн армия мен қоғамның бірлігін айқындайтын ерекше мерекеге айналды.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50