
Экономика • 17 Сәуір, 2020
Көктемгі егіс – күзгі ырыс (ауыл шаруашылығы дақылдарын 825,4 мың гектарға егу межеленген)
Жыл жаңарып, күн жылынған тұста-ақ Түркістан облысында дала жұмыстары қарқын ала бастаған болатын. Техникаларды дайындау, шаруашылық жұмыстарын қамдау – ауыл шаруашылығы саласы мамандары үшін күн тәртібінен түспеген мәселе. Мемлекет басшысы да жуырда өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында көктемдегі ауыл шаруашылығының мәселелеріне баса назар аударуды міндеттеді.
Тарих • 17 Сәуір, 2020
Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын – ресейлік, кеңестік және тәуелсіздік тұсындағы зерттеулер деп үшке бөледі.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Түркістан облысында індет таратқан ошақтар анықталды
Түркістан облысында соңғы мәліметке сәйкес коронавирус дертін жұқтырғандар саны – 49. Өңірде ең алғашқы коронавирус дерегі 31 наурызда тіркелген.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Түркістан: Серіктестік миллион теңгеге азық-түлік таратты
#BizBirgemiz акциясы аясында, Nur Otan партиясы өкілдерінің ұйытқы болуымен, Сайрам ауданындағы «AYKAN» ЖШС-ы миллион теңгеге жергілікті 115 отбасыға азық-түлік пен өздері өндіретін ірімшік, сүт өнімдерін таратты.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Түркістан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді - археолог
Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын - Ресей ғалымдары, Кеңес Одағы ғалымдары және Тәуелсіздік тұсындағы зерттеулер деп үшке бөледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеу 1865 жылдан басталған. Ал кесенеде жөндеу жұмыстары Абдулла хан (1582-1598жж.) тұсынан бері әр кездері атқарылып келеді. Нақты ғылыми реставрациялық жұмыстар 1928 жылдан басталған. Қазіргі кезде 11-ші жөндеу және реставрация жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды сатқан күдіктіні ұстады
Үшінші мегаполистегі оқу орындарының бірінің студенті, кәмелет жасына толмаған қызды жеңгетайлық жасап жүрген жексұрын жыныстық қызмет көрсету үшін бірнеше рет ұсынғаны анықталып отыр.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Түркістан: Қайырымды қырық әйел
Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығында 40 әйел тіркелген. Іскер ханымдар #BizBirgemiz акциясы аясында 25 аз қамтылған, көпбалалы, мүкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты аналарға медициналық маскалар мен азық-түлік себетін дайындап, таратты.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Түлкібаста биыл алма бауының аумағы 100 гектарға ұлғаяды
Түркістан облысы Түлкібас ауданында биыл 100 гектар жерге алма отырғызу жоспарланған, оның 50 гектары қарқынды бау болмақ. Бүгінгі таңда 78 гектарға алма ағашы отырғызылды.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Түркістан: Дәмханадан Қызыл кітапқа енгізілген үкі табылды
Сайрам ауданының полиция қызметкерлері Манкент ауылында орналасқан дәмханалардың бірінен Қызыл кітапқа енгізілген үкіні тапты. Мұсылмандар киелі санайтын үкінің Сайрам ауданындағы дәмханаға қалай әкелінгелі бізге әзірге беймәлім. Белгілісі тергеу барысында тұрғын бұл құсты 2015 жылдан бері асырап келе жатқанын жеткізген.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Түркістан: Ұры алыстан келмепті
Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны жергілікті полиция бөлімшесіне ұялы телефонын таппай қалғанын айтып арызданады. Шағымдануға арланатын немесе қазақылыққа сала «садақа» деп қоя салатындай арзан емес, 100 000 теңгелік байланыс құралын жоғалтқан.