Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Биыл сегізінші рет ұйымдастырылған республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны ең ауқымды жобалардың біріне айналды. Түркістанда өткен білім сайысы қатысушылар саны жағынан рекорд орнатып, ел жастарының зияткерлік ойындарға деген қызығушылығының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жастар • 17 Сәуір, 2026
Тайм-менеджмент және талапты студент
Тайм-менеджментті пайдаланып, білім алумен қатар кәсібін де дамытуды мақсат еткен студенттің тәулік бойғы іс-әрекеті жоспарланған. Халықаралық қазақ-түрік университеті спорт факультеті, дене мәдениеті кафедрасының 4-курс студенті Мейірлан Досжанов грантта оқиды. Биыл университетті тәмамдағаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Дегенмен студент өз ортасына табысты әрі алға қойған мақсат-жоспары көп кәсіпкер ретінде танылып үлгерді.
Шымкент • 11 Сәуір, 2026
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкентте, өкінішке қарай, азғындық, балаларға қатысты қатыгездік сынды оқыс оқиғалар белең алып барады. Бүгінде қалада екі баланы зорлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Мәселе • 10 Сәуір, 2026
Шегірткеге қарсы күрес қарқын алды
Кейінгі жылдары құрғақшылықтың әсерінен шегірткелердің таралу қаупі сақталып отыр. Осыған байланысты биыл Түркістан облысында фитосанитарлық қауіпсіздік пен шегірткеге қарсы күрес күшейтіліп, 400-ден астам бүріккіш техника, 4 АН-2 ұшағы мен дрондар жұмылдырылмақ. Өңір аумағы 65 секторға бөлініп, жұмыс топтары бекітілген. Тиімділігі жоғары жаңа препараттарды пайдалану жоспарланып отыр.
Тұлға • 09 Сәуір, 2026
Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Туризм • 07 Сәуір, 2026
Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан
Еліміздің басты туризм бағыттарының бірі саналатын әулиелі, әмбиелі Түркістан топырағына шет мемлекеттерден, еліміздің басқа өңірлерінен келушілер қатары жылдың қай мезгілінде де толастаған емес. Өңірде туризм саласын дамыту бағытында ауқымды іс атқарылып жатыр.
Руханият • 07 Сәуір, 2026
Бүгінде еліміз оны ерекше даусынан таниды. Көрнекті қаламгер Тәкен Әлімқұлов: «Сөздің суреті, үні, бояуы, дәмі болады» дейді. Жазушы Мархабат Байғұт дауыстың да түсі барын, түрлі-түске енетінін айтқан. Осы тұрғыдан келгенде біздің бүгінгі кейіпкеріміз жұртшылықты құлаққа жағымды әуезді даусымен баурап алғаны сөзсіз.
«Таза Қазақстан» • 03 Сәуір, 2026
Табиғатты аялау, оның ішінде су көздерін қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы аманат. Осы орайда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырыла бастаған «Мөлдір бұлақ» акциясының бірінші кезеңінде Түркістан облысында 1,5 мыңға жуық бұлақ көзін тазарту жұмысы атқарылып жатыр.
Экономика • 02 Сәуір, 2026
Өңірдің көлік-логистикалық қуаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазір еліміздегі тауардың 60 пайызы теміржолмен тасымалданатынын, сондықтан теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» бағытындағы жаңа теміржол желілерін іске қосуды міндеттеді. Бұл орайда жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын ескертті.
Шаруашылық • 01 Сәуір, 2026
Көктемгі дала жұмысы қарқын алды
Түркістан облысында биылғы көктемгі егіс науқаны жоспарға сай жүріп жатыр. Шаруалар дала жұмысына ерте кіріскен. Мысалы, өңірдің оңтүстік аудандарында диқандар қаңтарда қырыққабат көшеттерін егеді. Жалпы, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарына 919 мың гектар жер лайықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға артық. Оның ішінде 536 мың гектарға жаздық дақыл, 208 мың гектарға күздік егіс, ал 175 мың гектарға жоңышқа өсіріледі. Ерте пісетін көкөніс пен картопты 24 мың гектарға егу жоспарланған.