
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
Түркістан облысында жаңа 7 мектеп ашылды
Білім күніне орай, Түркістан облысында жаңадан 7 мектеп ашылды, ал жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі. Облыс көлемінде биыл 56 506 бала бірінші сынып табалдырығын аттады, жалпы білім алатын оқушылар саны 488 520-ға жетіп отыр.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2019
Түркістан: Конституция күніне орай 660 отбасы баспаналы болды
Түркістан қаласының «Отырар» ықшам ауданында салынған 5 қабатты 11 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілді. Бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмелі – 165 және 3 бөлмелі 330 пәтер ел игілігіне беріліп, 660 отбасы қоныс тойын тойлады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандық отбасыларға пәтер кілтін табыс етіп, Конституция күнімен құттықтады.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
Түркістан: «Ауыл - ел бесігі» жобасы партиялық бақылауға алынады
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңес мәжілісін өткізіп, Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын өңірде іске асырудың тиімді жолдарын талқылады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Әлеуметтік нысандар құрылысын аяқтады
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын қалпына келтіруді аяқтады. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4-еуі бұзылып, қайта тұрғызылды.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Арыс: Қалалық аурухана өз жұмысын қайта жалғастырды
Арыс қалалық орталық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Апаттан кейін толық жөндеуден өткен ауруханада заманауи «Триаж жүйесі» іске қосылып, медициналық ақпараттық жүйемен қамтылды. Арнайы қызыл, сары, жасыл түсті бағыттарға арналған принтерлермен жабдықталып, электрондық қолтаңбалар орнатылды.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Ұлттық аспаптарымен қатар ағаштан жасаған туындылары жоғары бағаланып жүрген түркістандық шебер Дәурен Миншариповті іздейтіндердің арасында шетелдік туристер де көп. Туындыларын дүкендерге, сауда орындарына қоймайтын шебердің қолынан шыққан дүниені іздегендер шеберханасынан табады.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2019
Түркістанда жаңа автовокзал пайдалануға берілді
Түркістан облысына кезекті жұмыс сапарымен келген Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан қаласындағы халықаралық автовокзалдың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Түркістан: Састөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы денешынықтыру - сауықтыру спорт кешені ашылды.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Арыс: «Nur Otan» тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың оң шешілуіне ықпал етеді
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалына Арыс қаласы тұрғындарынан 175 шағым түсіп, оның 126-ы оң шешімін тапқан. Ал 49 мәселе қаралуда. Партия филиалы Арыста орын алған төтенше жағдайға байланысты тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың оң шешілуіне ықпал ететін болады.
Қоғам • 15 Тамыз, 2019
Жалақының өсуі жауапкершілікті арттырады
Шардара аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері ұмыт болған көне дәстүрді жаңғыртып, ананың толғағын жеңілдету әдістерін қолданысқа енгізген. Яғни, жергілікті дәрігерлер әжелеріміздің үш уықты түйістіріп, киіз үйдің шаңырағына ілінген арқан арқылы босану тәсілін жетілдірген. Мамандардың айтуынша, арқанмен босану әдісі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вертикальды босану техникасына сәйкес келеді екен.