
Аймақтар • 22 Шілде, 2019
Құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды
Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.
Аймақтар • 18 Шілде, 2019
Түркістан: «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша 7 елді мекенге 4 млрд теңге бөлінген
Түркістан облысында құрылыс өте қарқынды. Бірінші жартыжылдықта 52,2 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 116 %-ды құрады, 298,2 мың ш.м. тұрғын үй (2537 пәтер) пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 47,4%-ға артқан. Еліміз бойынша ең көп нысандар салынып жатқан өңірде 2537 пәтер пайдалануға берілген. Түркістандағы халықаралық әуежай 2020 жылы, ал оған баратын жол биылғы жылдың соңында пайдалануға берілмек.
Саясат • 18 Шілде, 2019
Мәйіттер басқа жерге жерленеді
Осыдан бірер ай бұрын әлеуметтік желілерде тосындау бейнежазба жарияланып, жұрт арасында түрлі пікір туындаған болатын. Иә, Түркістанда басталып жатқан құрылыстың іргетастық қазу жұмыстары кезінде адамның сүйектері табылған.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Түркістан: «Мектепке жол» акциясы басталды
Түркістан облысында өткен 2018-2019 оқу жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 25509 балаға жалпы 201 млн 456 мың 101 теңге көлемінде материалдық көмек берілген болатын. Соның ішінде 3807 балаға бюджет қаражаты есебінен – 483 251 теңгеге, қалған 21702 балаға демеушілер қаражаты есебінен – 200 млн 972 мың 850 теңгеге материалдық көмек көрсетілген.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Түркістан облысының әкімі комбайн жүргізіп, бидай орды
Түркістан облысындағы бидай алқабының бүгінде 44 пайызы орылған. Яғни, 94 мың гектардан 183 мың тонна астық жиналып отыр. Жалпы өңірде 218 мың гектардан 463 мың тонна бидай алу жоспарлануда. Астық оруға 1012 астық комбайндардың 90-95% дайындалып, жинау жұмыстарына кіріскен.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
«Қасқасу» тау - шаңғы курортының жобасы талқыланды
Түркістан облысы Төле би ауданында жүзеге асырылуы тиіс «Қасқасу» тау - шаңғы курортының жобасы Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Қазақстанның туристік картасы» ТОП – 50 нысанының тізіміне, сондай-ақ Түркістан облысын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді. Яғни өткен ғасырдың сексенінші жылдарында ұсыныс жасалып, шамамен 10 жыл бұрын халықаралық стандарттарға сай келетін тау-шаңғы курорты құрылысы жүргізілетіні жария етілгенімен іске асырылмай келе жатқан жоба нақты қолға алынатынына алғышарттар жасалуда.
Аймақтар • 15 Шілде, 2019
Арыста құрылыс жұмыстары түнде де жүргізілуде
Арыс қаласында еліміздің барлық облысы мен үш мегаполисінен келген 5 мыңдай құрылысшы, 180-нен астам мердігер жұмыс істеуде. Жергілікті тұрғындар да ақылы құрылыс жұмыстарына тартылған.
Медицина • 09 Шілде, 2019
Түркістанда дәрігерлерге 2 млрд 867 млн теңге үстемақы төленді
Түркістан облысында 178 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 45-і инфекциялық және провизорлық госпитальдарға қойылған. Жетісай, Мақтаарал аудандарының кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, 6 ӨЖЖ аппаратын Жетісай қалалық ауруханасына пайдалануға берді. Өңірде жалпы тәуліктік қуаттылығы 650 тестке дейін полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен 4 зертхана коронавирусқа қарсы тексеруден өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Бар қазақ сүйінші сұрайтын айшықты оқиға, аймақтың дамуына оң серпін беретін тарихи шешім деп бағаланған Елбасы Н.Назарбаевтың Түркістан облысын құру туралы Жарлығы шыққанына да жыл толайын деп отыр.
Медицина • 15 Маусым, 2019
Түркістанда инсульт орталығы ашылды
Түркістан қалалық орталық ауруханасында «Инсульт орталығы» мен «Триаж» жүйесімен жабдықталған жаңа қабылдау бөлімі ашылды.