
Туризм • 02 Наурыз, 2023
Зиярат туризмі Түркістаннан басталады
Түркістанды қазақ халқы мен түркітілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығына айналдыру бойынша атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар аз емес. Алайда жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілген туристер көп баратын ең тартымды қалалар қатарынан Түркістанды таппадық.
Құқық • 02 Наурыз, 2023
«Қолжетімсіз жайылым...» Әкімдер статистиканың бұрмалануына мүдделі ме?
Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде жеке секторда 1 382 бас мал бар. Ал ауыл округінің есебінде 8 817 бас мал тіркеліп, ереже нормативіне сай 6 768 гектардың орнына 10 477 гектар жайылым қажет деп табылған. Яғни мал басының есебі дұрыс жүргізілмеуі салдарынан мемлекеттік статистика бұрмаланған.
Қоғам • 28 Ақпан, 2023
Абайдың оқуға зеректігін байқап, бала күнінен өлең-жырға шыңдап, болашағына үлкен әсер еткен зерделі Зере әже, қазақ фольклорының небір асыл үлгілерін, інжу-маржандарын санасына сіңіріп, Шоқанның зерек те ойшыл болып өсуіне зор ықпал еткен әжесі Айғаным Тастұмсық ауылының тумасы Мейірханмен әңгімелескенде ойға оралған-ды.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2023
Мұнараның мүшкіл халін министрлік біле ме?
Ақсүмбе ауылы – аудан орталығы Шолаққорғаннан 190 шақырым жерде орналасқан Созақ өңірінің күнбатыс шетіндегі ең шеткі елді мекендердің бірі. Ауыл іргесіндегі биік жотаның басында алыстан Ақсүмбе-Ақбикеш мұнарасы менмұндалайды.
Жоба • 20 Ақпан, 2023
«Қағаз жүзінде деректер жақсы болғанымен нәтиже шамалы. Нақты жұмыс жоқ. Кешенді жоспарда бекітілген жобалар да қағаз бетінде қалып қойған. Оны жазған соң, жүзеге асыру керек. Қайтарымсыз грант – оңды-солды ақша үлестіру емес. Ол бір реттік көмек болып қалмай, әрі қарай дамуы, пайдасы болуы қажет».
Қоғам • 09 Ақпан, 2023
Азық-түлік тапшылығы қалай шешіледі?
Кейінгі уақытта кейбір азық-түлік бағасының өскені анықталып отыр. Мысалы, өткен аптада Түркістан қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 100,5%-ды, ал жыл басынан бері 102%-ды құрады. Осы кезеңде пияздың бағасы 4,3%-ға (139-дан 145 теңгеге дейін), тұздың бағасы 3,8%-ға (52-ден 54 теңгеге дейін), рожкидың бағасы 2%-ға (302-ден 308 теңгеге дейін), күріштің бағасы 1,3%-ға (375-тен 380 теңгеге дейін), сары майдың бағасы 0,7%-ға (3 661-ден 3 686 теңгеге дейін) өсті.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2023
Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, бүгінде заманауи даму жолына түскен шаһар ретінде де танылып келеді. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері қалада тұрғын үй көптеп салынып, көшіп келушілердің саны жылдан-жылға артып жатыр. Мысалы, 2018 жылы Түркістан қаласы халқының саны 165 400 болса, 2023 жылы 219 550 болып отыр. Тұрғындар саны өскен сайын тұрмыстық тіршілікке қатысты көптеген сұрақтың туындауы заңдылық, яғни өсім бар жерде өзекті мәселелер де болып жатады. Сондықтан аталған мәселелерді дер кезінде шешу – облыс, қала әкімдерінің басты міндеті.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2023
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған үкіметтік делегация Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болып, шаруалармен өңірдегі жылыжай шаруашылықтарын дамытудың жағдайын талқылады.
Төтенше жағдай • 06 Ақпан, 2023
Биылғы қысты түркістандықтар ұмыта қоймас. Қаңтарда жауған қалың қар ұзақ жатпады. Ақпанның алғашқы күндері қатты жауын-шашын мен температураның 7-8 градусқа дейін көтерілуімен облыстың 4 ауданын еріген қар сулары шая бастады.
Тарих • 06 Ақпан, 2023
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Алаш зиялыларының табанды еңбегінің нәтижесінде патшалық жүйенің рұқсатын алған «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шыққанына 110 жыл толып отыр. Осы орайда Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ» газеті және Алаш идеясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.