
Аймақтар • 21 Қараша, 2022
Түркістанда сайлау күні 90 нәресте дүние есігін ашты
Түркістан облысында сайлау күні 90 нәресте дүние есігін ашты. Атап айтсақ, 46 ер бала, 44 қыз, оның ішінде 2 егіз дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Сайлау күні Түркістан облысында 90 нәресте дүние есігін ашты
Сайлау күні Түркістан облысы бойынша 90 нәресте дүние есігін ашты. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 46 ер бала, 44 қыз, оның ішінде 2 егіз дүниеге келді. Егіздердің бірі – Қазығұрт ауданында, екіншісі Түлкібас ауданында туған. Дәрігерлердің хабарлауынша, аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы, деп жазады Egemen.kz.
Ахмет Байтұрсынұлы • 16 Қараша, 2022
Түркістан қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық түркітанушылар конгресі өтті.
Театр • 16 Қараша, 2022
Түркістан музыкалық драма театрының қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты. Демалыс күндері музыкалық драма театр жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылған «Мағжан» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынды.
Аймақтар • 09 Қараша, 2022
Зауытта битум өндіріле бастады
Елімізде тас жолдардың дер кезінде жөнделмеуіне битум тапшылығы себеп болып отырғаны биыл жиі айтылды. Мердігерлер көктем-жаз мезгілдерінде жол төсеуге қажетті материал тапшылығынан қиындық көреді.
Өнер • 07 Қараша, 2022
Театр тарланы: Шымкентте Жұмат Шанинді еске алу кеші өтті
Шымкентте режиссер, драматург, актер, қазақ ұлтының кәсіби театр өнерінің негізін салушы, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-нің халық әртісі Жұмат Шаниннің туғанына 130 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қаланың зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер жастар дара тұлғаның ұрпақтарымен кездесті.
Экономика • 02 Қараша, 2022
Қай салада болсын отандық өнімді дамыту өзекті мәселе екені мәлім. Бұл орайда шағын және орта бизнес экономиканы әртараптандыру ісінде тірек күшке айналуға тиіс. Ілгеріде импорттың үлесі өте жоғары болатын, бүгінде оның бірқатарын өзімізде өндірілетін өнімдер нарықтан ығыстыра бастады. Яғни жұрт отандық өнімдерді қолдана бастады. Мысалы, Түркістан облысының тұрғындары «Арайдың» аяқ киімін киіп, «Bokei»-дің кірпішімен үйінің қабырғасын көтеруге, «Bah_Asmar»-дың шәйнегінен шай ішуге мүмкіндік алып отыр.
Экономика • 31 Қазан, 2022
Тоқыма өнеркәсібі тоқыраудан қашан шығады?
Мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір – Түркістан облысының шаруалары бүгінде баға мәселесін жиі көтеріп, наразылықтарын білдіруде. Алдын ала айта кетелік, мақташылар көтерген мәселе жергілікті билікке мәлім және облыс әкімі тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатыр.
Спорт • 30 Қазан, 2022
Қазақ балуандары – «Turan barysy» жеңімпазы
Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогі өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аймақтар • 26 Қазан, 2022
Еліміз бойынша көпбалалы аналардың үштен бірі Түркістан облысында тұрады. Өңірде 169 857 көпбалалы отбасы, оның ішінде 14 408 «Алтын алқа», 4 231 «Күміс алқа» иегері бар. Сондай-ақ алтын құрсақты аналардың 2 516-сы «Батыр ана» атанған, 3 938-і І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған. Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік тұрмысы, көрсетіліп жатқан көмектің көлемі қоғам үшін қашанда маңызды. Мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Дегенмен мәселенің екінші жағы барын, кей көпбалалы аналардың масылдық психологиядан арылуы керек екенін айтушылар да бар. Бұл орайда қуантатыны еңбекқор, бала тәрбиесімен қатар жұмысында да жоғары жетістіктерге жетіп жүрген аналар аз емес.