
Білім • 29 Қыркүйек, 2022
Университет 2026 жылға қойған межеге мерзімінен бұрын қол жеткізді
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 8 оқытушысы өткен оқу жылында еліміздегі «Үздік оқытушы» атағын иеленсе, 11 оқытушы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанған. Биыл университетті таңдап, мемлекеттік грант иегері атанған студенттердің саны артқан, яғни 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда грант саны 18% өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Қыркүйек, 2022
ТМД: Цифрландыру мен телемедицинаны дамыту өзекті
Түркістанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXXV отырысы өтті. Бүгінде денсаулық сақтау саласын цифрлық жүйеге көшіру кезек күттірмейтін мәселе. Қазір бүкіл әлем осы саланы электронды жүйеге жаппай көшіруде. Түркістандағы отырыста алдағы уақытта осы салада бірлесіп атқаратын жұмыстар пысықталды. Барлық мемлекеттер осы міндетті алдарына стратегиялық мақсат етіп қойғаны айтылды. Оны атқарудағы жетістік пен тәжірибе кеңес отырысы аясында өткен дөңгелек үстелде талқыланған мәселелердің бірі болды.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022
Құқықтық мәдениетті көтеру – уақыт талабы
Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрмет сезімін ояту – барлық мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарының бірі. Ал заңды жетік біледі деген қызметкерлердің қателікке жол берген кемшіліктері кешіруге жатпайтын әрекет екені анық.
Экономика • 27 Қыркүйек, 2022
Жиын-терімді жуырда бастаған түркістандық мақташылар бейнетпен өсірілген өнім бағасының төмендігіне наразы. Ол аздай мақта қабылдау бекеттерінде таразыдан алдайтындар бар. Зертханалар мақта сапасын қасақана түсіреді. Диқандар бір гектар жерді жыртып, суару мен мақта егуге, дәрі себу мен оны өсіруге, арамшөптен тазалауға миллиондаған қаражат жұмсаған. Ол ақшаны басым көпшілігі несиеге алып, қорасындағы малын сатқан. Ал жекеменшік зауыт басшыларының өзара ымыраласып белгілеген бағасы қарыздарын жабуға да жетпейді.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2022
«Кіші әлем чемпионаты» деп аталған турнир
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесін сарапқа салған қазақ күресі турнирі биыл Сайрам ауданының Ақсукент ауылында өтті. Осындағы орталық дендросаябақта ұйымдастырылған додаға Түркістан облысының түкпір-түкпірінен құрамында 130-ға жуық спортшы бар 20 команда қатысты.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2022
Денсаулығына байланысты он жыл бойы үйінде білім алып келген Нұрдәулеттің өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланған. Түрлі деңгейдегі шығармашылық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған оның өлеңдері жүзге жуықтапты.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2022
Түркістан облысының Жетісай, Мақтаарал аудандарында мақта терімі басталды. Мақтаарал ауданында биыл 40,4 мың гектарға, ал Жетісай ауданында 80 мың гектарға жуық алқапқа мақта дәні себілген. Жетісай ауданындағы жалпы егістік жердің 49 500 гектары – шитті мақта. Ерекше күтім мен баптауды қажет ететін техникалық дақылды теру науқаны басталғалы ауданда 1 074 гектар алқаптың «ақ алтыны» теріліп, 1861,70 тонна өнім алынған.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022
Ғұлама ғибраты: Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығы туған жерінде атап өтілді
Рухани ілімді терең меңгеріп, өз заманының ғұлама данагөйі болған Бекасыл Биболатұлының туғанына биыл 200 жыл. Осыған орай, оның туған жері Түркістан облысы Төле би ауданында қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық V форумы өтті. Форумға қатысушылар алдымен Кеңесарық ауылындағы Бекасыл әулиенің кесенесіне барып, Құран бағыштады, музейінде болып ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022
Жүзден астам ауылда сапалы интернет жоқ
Түркістан облысы аумағында 838 ауылдық елді мекен бар. Аудан, қала әкімдіктерінің талдау ақпараты нәтижелері бойынша 642 елді мекендегі 1 753 012 тұрғын сапалы интернетпен қамтылған, бұл – жалпы облыc халқының 73,7 пайызы. Сондай-ақ өңірдегі 441 129 оқушы 3G және 4G мобильді желісімен, 123 ауылдық елді мекенде 63 мыңға жуық оқушы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2022
Түркістан облысында Бекасыл әулиенің 200 жылдығына арналған халықаралық форум өтті
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылында ғұлама ғалым Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығына арналған халықаралық V форум өтті. Форум қатысушылары алдымен Бекасыл әулиенің кесенесіне барып, Құран бағыштады, музейінде болып ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ зиялы қауым Есім хан ордасының орнында болды.