
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2022
Түркістанда әлем травматологтары мен ортопедтері тәжірибе алмасуда
Түркістан қаласында медицина саласын дамытуға арналған екі күндік «Заманауи травматология және ортопедия көкжиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Оған әлемнің 15 елінің жетекші клиникаларының мамандары келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022
Жаңа жұмыс орындарын ашу – маңызды міндет
Түркістан облысында жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше мән берілуде. Бұл орайда бірқатар басқарма басшылары жуық арада инвестиция тарту, кәсіпорындарды көбейту, жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныс дайындауға тиіс. Аудан, қала әкімдері өңірден шыққан ірі кәсіпкерлерді шақырып, елге пайдалы жобаларды жүзеге асыруға көмектесуі керек. Сондай-ақ облыстың миллионға жуық тұрғыны бар оңтүстік аудандардың инфрақұрылымын реттеп, жастарды тартатын жұмыс орындарын ашу қажет. Әкімдерге, басқарма басшыларына халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстарды күшейту бойынша индикаторлар әзірленеді.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022
Күннің аптап ыстығы әлі де басылмай тұрған Түркістан облысында жаз бойы дала өртінің орын алу жоғары қаупі сақталды. Күздің алғашқы күндері де бұл қауіп сейілмей тұр. Жуырда облыста 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұта өртенді. Дала өрті 8 сағат ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022
Қостанайдағы ағайынның басына түскен қиын жағдайды, әсіресе Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданының жұртшылығы ауыр күйзеліспен қабылдады. Олай дейтініміз, бірінде оқ-дәрі қоймасы жарылып, екіншісінде су тасқыны болғанда тұрғындар төтенше жағдайды бастан кешкен-ді.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2022
Мыңнан астам сауда нүктесі өрттен жапа шекті
Аумағы 2 500 шаршы метр болатын базарда жұма күні таңға жуық болған өрт жетісайлықтарды әбігерге салды. Нақтырақ айтсақ, сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты. Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді.
Білім • 29 Тамыз, 2022
Биыл 34 мектеп пайдалануға беріледі
Түркістан облысында білім саласына бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен. Өңірде салынып жатқан 57 мектептің 34-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында облыста кезең-кезеңімен 199 мектеп салу жоспарланған.
Руханият • 29 Тамыз, 2022
Түркістанда құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бойынша «Ескерткіштерді қорғайтын халық» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Ауқымды жиынға Еуропа мен Түркітілдес – барлығы 15 мемлекеттің аты әлемге мәшһүр ғалымдары қатысады. Басқосудың мақсаты – ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің тұлғасын төрткүл дүниеге таныстырып, мұраларын насихаттау.
Білім • 26 Тамыз, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деген сөзі бүгін де өзекті. Ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалымның осы бір өсиетті сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бес жыл бұрын Сенат Төрағасы кезінде еске салған еді. «Мүмкін бұл маңызды саладағы реформалардың үздіксіз жүргізілуін тоқтата тұру қажет шығар. Қандай жетістікке жеттік, қайда келдік, неге қол жеткіздік?
Қазақстан • 25 Тамыз, 2022
Азық-түлік қауіпсіздігі – басты назарда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Парламент Мәжілісінің отырысында ауыл шаруашылығында қордаланып қалған мәселелерге Үкімет пен әкімдердің назарын аударған болатын. «Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет. Бұл Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған негізгі басымдық екеніне айрықша назар аударамын. Егер нарықта азық-түлік тауарлары мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейді», деді Мемлекет басшысы. Осы орайда дала жұмыстарына ерте кірісетін, бір алқаптан 2-3 өнім жинайтын Түркістан облысының диқандары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауылшаруашылық тауарларының нарықта мол болуына өзіндік үлес қосып келе жатқанын айта кетелік.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2022
Зейнеткер ауылына көпір салып берді
Немере-шөберелерінің алаңсыз мектепке барып-келуін ойлаған Әжекбар бүгінгі буынға үлгі боларлық іс атқарды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Әжекбар Қорғанбеков жаяу жүргіншілер көп жүретін «Ақтөбе» каналының бойына шағын көпір салып берді.