
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Шымкентте 58 парақорлық фактісі тіркелген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірінші жартыжылдықта 76 қылмыс тіркеген, оның 90%-ы сыбайлас жемқорлық сипатында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2022
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қызметін модернизациялау басталған болатын. Яғни азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі құру мақсатында полиция, прокуратура мен сот өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылған қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді.
Медицина • 22 Маусым, 2022
Үздік ауруханада үлгілі іс көп
Адамдардың мүлде ауырмағаны жақсы, әрине. Дегенмен науқастанып қалғандардың бүгінде сапалы емдейтін, білікті дәрігерлері бар ауруханаға немесе емханаға таңдау жасайтыны мәлім. Бұл орайда көпшілік Түркістан облыстық клиникалық ауруханасын таңдайды екен.
Аймақтар • 22 Маусым, 2022
Мұхтарханның ізбасарлары мықтылығын танытты
Түркістан қаласындағы «Олимпик» спорт сарайында Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің кіл мықты былғары қолғап шеберлері арасында xалықаралық турнир өтті.
Қоғам • 22 Маусым, 2022
«Түркістан дауысы» мәреге жетті
Түркістанда биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген жас әншілер Қазақстан композиторларының және өзі таңдаған шығарманы вокалды-аспаптық ансамбль сүйемелдеуімен орындап шықты.
Медицина • 16 Маусым, 2022
Қарт Қаратаудың етегінде жатқан қаладағы аурухана 103 мыңнан астам халыққа медициналық көмек көрсетеді. Сапалы қызметімен емделушілер тарапынан оң бағаланып жүрген медициналық мекеменің, әсіресе хирургтері мықты екенін айтушылар аз емес. Соның бір дәлелі – күні кеше кәсіби мереке қарсаңындағы марапаттауларда Кентау қалалық орталық ауруханасының дәрігері Жәңгірхан Оразбақов «Үздік хирург дәрігері» атанды.
Аймақтар • 16 Маусым, 2022
Өңірдің дамуында оң өзгеріс көп
Облыс болып құрылған төрт жылдың ішінде халқының саны 285 216 адамға көбейіп, 2 269 185-ке жеткен Түркістан облысында экономиканың басты көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім 2018 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артып, 2,8 трлн теңге болған. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс көп.
Қоғам • 15 Маусым, 2022
Жаз келді... көкөніс пісіп-жетілді
Ақындар жырлағандай, көк майса желкілдеп, жайылған мал желіндейтін, халықтың көңілі жай болатын жаз келді. Ал диқандарда тыным жоқ. Көктемгі дерлік дала жұмысын ақпанда бастаған түркістандық шаруалар өнімдерін жинап, сатылымға шығаруда. Бірі алқаптан екі-үш өнім алатын енді бірі келесі дақылды егудің қамымен жүр.
Аймақтар • 15 Маусым, 2022
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бидай ору науқаны басталды. Аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Егістік алқаптарындағы комбайндар астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құюда.
Қоғам • 15 Маусым, 2022
Әйелдер құқығын қорғауда үлгі аларлық істер бар
Бүгінде әйел құқығын қорғау мәселесі бүкіл әлемде өзекті. Статистика бойынша әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Қазақстанда пандемия кезінде тұрмыстық жанжалда кісі өлтіру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты полицияға жүгіну саны анағұрлым өскен. Бұл орайда Түркістан облысында әйелдердің құқығын қорғау, оларға жан-жақты көмектесу бағытында халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқарылып келеді.